Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбыл облысында 111 жаңа мәдени үйірме ашылды

0 270

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің тапсырмасына сәйкес, өткен жылы клуб құрылымдарын пайдалану қажеттілігін анықтау мақсатында жүргізілген зерделеуден кейін 96 штат бірлігінің қажеттілігі анықталып, тиісті жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде 8 ауданға 94 штат үйірме жетекшісі беріліп, 77 маман қабылданды. Жаңадан 111 үйірме ашылған десек, олардың қатарында домбыра, вокал, драма, көркемсөз, би, тағы басқалар бар.

Бұл туралы аймақ басшысының төрағалығымен өткен кеңесте жан-жақты айтылып, мәдениет саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар мен мәселелер талқыланды.

Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбайдың айтуынша, облыс бойынша тұрғындарға барлығы 510 мекеме мәдени мекеме қызмет көрсетуде.

– Облыс тұрғындарына мәдени-көпшілік қызмет көрсетіп отырған 197 мәдениет үйі мен клубтарда 841 үйірмеге 10 318 адам қатысуда.

Өзіңіздің тапсырмаңызға сәйкес, клуб құрылымдарын пайдалану қажеттілігін анықтау мақсатында былтырғы жылы жүргізілген зерделеуден кейін 96 штат бірлігінің қажеттілігі анықталып, тиісті жұмыстар жүргізілді. Мойынқұм ауданы тарапынан 4 штат бірлігі артық берілді.

Нәтижесінде 8 ауданға 94 штат үйірме жетекшісі беріліп, 77 маман қабылданды. Жаңадан 111 үйірме ашылып, 1393 балалар қамтылды.

Зерделеудің қорытындысымен қажеттілігі жоқ үйірмелер жабылды. Жалпы, балалар үйірмесі 120-ға, оған қатысушылар саны 2172-ге артты,-деді Ерлан Жүнісбай.

Сондай-ақ, басқарманың ақпаратынша кітапханалар жанынан ашылған 183 цифрландырылған ақпараттық орталықтардың жұмысы зерделеніп, ережеге сай келмейтін 58 цифрландырылған ақпараттық орталықтың бүгінгі күнге Байзақ ауданының 17, Жамбыл ауданының 13, Т.Рысқұлов ауданының 1  кітапханасы қалпына келтірілді.

Қалған 27 цифрландырылған ақпараттық орталықтарды қалпына келтіру үшін, техникалық жабдықтарына аудандар тарапынан бюджетке   өтінім берілді.

2023 жылғы І тоқсанының есебі бойынша ақпараттық орталықтарда egov.kz порталы арқылы 20 қызмет түрінен 19 552 анықтама берілді.

Басқосуда ағымдағы жылы 14 мәдениет нысанының құрылысын жүргізуге бюджеттен барлығы 1,4 млрд.теңге қаржы қарастырылған. Аталған қаражат есебінен 2022 жылдан өтпелі 7 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 7 мәдениет нысанының құрылысына республикалық бюджеттен 807,9 млн.теңге қаражат қарастырылды.

Құрылыс жұмыстарын жүргізуге мердігерді анықтау бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

2023 жылдың қорытындысы бойынша 9 мәдениет нысандарының құрылысын аяқтау жоспарланған. Қалған 5 жоба жоспарға сәйкес 2024 жылға өтпелі. Бұдан бөлек, осы жылы 21 нысан күрделі және ағымдағы жөндеуден өтеді.

Облыс әкімі  2027 жылға дейін ауылдық мекендерді толығымен мәдени нысандармен қамту керектігін баса айтып, сала қызметкерлерін квотамен оқыту, маман тапшылығын шешу, үйірмелердің қажеттілігін тағы да нақтылау бойынша тиісті жауапты тұлғаларға тапсырмалар берді.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.