Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таласта талай тірлік тындырылуда

0 421

Талас ауданы – Жамбыл облысының өнеркәсіп өндірісі дамыған аймағының бірі. Қазыналы Қаратауды бойлай қоныстанған ауданда атқарылған шаруа аз емес. Соның арқасында өңірдің ахуалы күн санап жақсарып, жұмыстар да жүйеленіп келеді.

Айталық, өткен жылы  Талас ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне бөлінген қаржы 2 483 399,0 мың теңгені құраған. Мәселен, «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік  инфақұрылымдық іс-шараларды іске асыру бойынша  470 018,0 мың теңге қаржы бөлінген.  Оның ішінде 394,1 шақырым облыстық маңызы бар, 6 облыстық жол, 193,49 шақырым аудандық маңызы бар 19  жол және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі бүгінгі күнге 96,5 пайызды құрап отыр.
 2022 жылы аталған бағдарлама аясында Бостандық, Аққұм, Шәкіров, Талапты ауылдарында барлығы 23,6 шақырымды құрайтын 26 көшеге бюджеттен 470 миллион теңге қаржы бөлініп, орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп толығымен аяқталған болатын. Сонымен қатар, Қаратау қаласына оңтүстіктен кіре беріс 4,1 шақырым аудандық маңызы бар жолға бюджеттен 149 185,0 мың теңге қаржы қарастырылған еді. Бүгінде жалпы 145 778,4 мың теңгеге келісімшарт рәсімделіп, маусым айында жұмыстар басталып, тамыз айында жұмыстар толығымен тәмамдалған.
50/50 басымдық бойынша 15,8 шақырымды құрайтын Қаратау қаласындағы Ы.Алтынсарин, Жангельдин, Байходжаев, Ә.Молдағұлова, Қарашаұлы, Арыстанбаб Баба секілді 6 көшені және Мәйтөбе, Тұрымқұл, Тамды, Қызыләуіт ауылдық округтеріндегі әр елді мекеннен 1 көшеден жөндеу мақсатында бюджеттен 471 186,0 мың  бөлініп, мемлекеттік сатып алу ашық конкурсы өткізіліп, жеңімпаз мердігерлермен жалпы 433 493,5 мың теңгеге келісімшарт рәсімделіп, жұмыстар мамыр-маусым айларында басталып, өз бағытында жүргізіліп, толығымен ел игілігіне берілді.
Сондай-ақ, үнемделген қаражат есебінен Қаратау қаласындағы Қошмамбетов көшесін орта жөндеуден өткізуге 15 366, 2 мың теңге және Көктал ауылында Абылайхан көшесін орта жөндеуден өткізуге 18 300,0 мың теңге, Қожағаппар ауылында Мырзахметұлы көшесін орта жөндеуден өткізуге 5 660,0 мың теңге аудандық бюджеттен бөлініп, жұмыстар толығымен аяқталып пйдалануға берілді.
Аудан орталығы – Қаратау қаласындағы Б.Момышұлы, Тамды Әулие, Шахтёр, Панфилов және Арбатас қатарлы  5 көшеге  қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындауға бюджеттен 6,3 миллион теңге бөлініп, сараптамадан өтіп, қазіргі таңда бюджеттік өтінімге ұсынылған болатын. Аудандық маңызы бар Қаратау қаласына шығыстан кіре-беріс, Қаратау қаласына батыстан кіре-беріс және Майтөбе, Қызыләуіт, Тұрымқұл, Есейхан ауылдарына кіре-беріс көлік жолдарына жобалық сметалық құжаттамалары әзірленіп, бюджеттік өтінімге ұсынылған. Жалпы құны 986 818,46 мың теңгені құрап отыр. Одан бөлек Қаратау қаласында жоба құны 437 737,7 мың теңгені құрайтын 7 көпір, Есейхан ауылында 1 көпірге жобалық сметалық құжаттама әзірленіп қазіргі таңда мемлекеттік сараптамадан өткізілген болатын.
Аудан аумағындағы облыстық және аудандық мәндегі автомобиль жолдарын күтіп ұстау бойынша 25 700,0 мың теңге қаржы бөлінген болатын  Оның ішінде аудандық маңызы бар 193,49 шақырым автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстау жұмыстарын «EliteBuild Partners» ЖШС-гі атқарған, келісім шарт сомасы 25 700,0 мың теңге. Жіліктеп айтқанда  жұмылдырылған техника: Урал (күрегімен) 1 дана, Камаз (күрегімен) 1 дана, фронталдық тиегіш 1 дана, МТЗ-80 2,1 тіркемесімен 2 дана және 1 РУМ тіркемесі, құм 350 тонна және 150 тонна тұз. Аудандық маңызы бар жолдарды ағымдағы жөндеу үшін 9 476,0 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, «EliteBuild Partners» ЖШС мердігерімен келісім шарт жасалған болатын. Бүгінгі таңда жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толығымен аяқталған.
 «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының 319-тармағы «Әрбір адамға лайықты өмір сүру» жұмысын жалғастыру аясында жалпы 39 бейне бақылау камераларын орнату үшін бюджеттен 121 380,0 мың теңге қаржы қаралып, ашық конкурс жарияланған болатын. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары аяқталып, мердігер «Новые технологии» ЖШС-мен 97 104,0 миллион теңге келісім шарт рәсімделіп, бүгіңгі таңда орнату жұмыстары толығымен аяқталып, іске қосылған. Сондай-ақ, Қаратау қаласындағы 16 бейне бақылау камераларына тиісті техникалық қызмет көрсетуге 2 000,0 мың теңге қаралып, ашық конкурс жарияланып, жеңімпаз «AIVIDEON» ЖК-мен 1 555,2 мың теңгеге келісімшарт рәсімделіп, қызмет көрсетілген.
Қала шамдары көшеге көрік берумен бірге тұрғындардың жүріп-тұруы мен қауіпсіздігі үшін  аса маңызды. Осы мақсатта қала ішіндегі бағдаршамдарды жөндеу және оған техникалық қызмет көрсетуге 1 500,0 мың теңге қаралып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, мердігер «Қазына City» ЖШС баға ұсыныстары тәсілі арқылы жеңімпаз атанып, жұмыстарды толығымен орындаған. Жол белгілерін қою бойынша 4 368,0 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, жеңімпаз «Нұр-Мұхамед» ЖШС-гі келісімшарт рәсімделіп, тиісті жұмыстар атқарғандығын болатын.
Әлеуметтік маңызы бар қалалық (ауылдық), қала маңындағы және аудан ішілік қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын субсидиялауға  21 100,0  мың теңге бөлінді, Атап айтқанда, аудан бойынша 2 маршрут бекітіліп, 2019 жылы қоғамдық көлікпен жолаушыларды тасымалдау аудандық әкімдік және «Қаратау Ақ-жол» ЖШС тарапынан ұйымдастырылған. 2019 жылы облыстық мәслихат шешіміне сәйкес аталған маршруттарды тұрақты әлеуметтік маршруттар тізіміне еңгізіліп, субсидиялау жұмыстары жүргізілуде. Есептеліктерге сәйкес өткен жылға №1, №3  маршрут бойынша – 21 100,0  мың теңге қарастырылған.   Қалалық екі маршрут бойынша барлығы 6 автобус қатынауда, күнделікті 20 рейс жүруде. Күнделікті 600-700 жолаушы тасымалдайтын маршруттың жол ақысыда қолжетімді. Айталық ересек адамдарға 60 теңге, балаларға 35 теңгені құрайды. Аудан ішілік маршрут бойынша «Arsen Trans Company» ЖШС-мен келісім шарт жасалынып, субсидия болу бойынша жұмыстар атқарылуда.
Ағымдағы жылы Талас ауданы бойынша барлығы 48,3 шақырым автокөлік жолдары жөндеуге 1 миллиард 908 811,0 мың теңге қаржы бөлініп отыр. Бүгінде «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында  Үшарал және Ойық ауылдық округтерінде барлығы 15,65 шақырымды құрайтын 21 көшеге бюджеттен 663 миллион теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Ал, 50/50 басымдық бойынша Қаратау қаласына шығыстан кіре беріс 6,14 шақырым және Қызыләуіт ауылына кіре беріс 5,4 шақырым аудандық маңызы бар жолдарға бюджеттен 369 325,0 мың теңге қаржы қарастырылған қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Осы жылы 16,8 шақырымды құрайтын Қаратау қаласындағы Қ.Сатпаев, А.Байтұрсынұлы бұрылысымен, М.Есжанұлы, Е.Өмірұлы, Қ.Тоқтыбайұлы және Жарқынбеков қатарлы 6 көшені, сонымен қатар Мәйтөбе, Бөлтірік шешен, Есейхан, Қараой, Қасқабұлақ, Тамды, Көктал ауылдық округтеріндегі әр елді мекеннен 1 көшеден жөндеу мақсатында аудандық бюджеттен 445 812,0 мың теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Қаратау қаласындағы 2,280 шақырымды құрайтын Б.Момышұлы және 2,011 шақырымды құрайтын  Шахтер көшелеріне Республикалық бюджеттен 387 606,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 43 068,0 мың теңге қаржы бөлініп, Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тарапынан мемлекеттік сатып алу ашық конкурстары өткізілуде.
Салынған жолды күтіп үстау да аса маңызды шаруа екені баршаға мәлім. Бұл бағыт бойынша Қаратау қаласындағы бейне бақылау камераларына тиісті техникалық қызмет көрсетуге, қала ішіндегі бағдаршамдарды жөндеу және оған техникалық қызмет көрсетуге, жол белгілерін қою бойынша маслихат сессиясына ұсынылып, бюджеттік өтінім берілген.
Қай кезде болмасын ауыз судың сапалы болуы маңызды. Халық денсаулығының мықты болуы да таза ауыз судың сапасына байланысты. Жұртшылықтың талап-тілегі біреу. Ол ауыз судың сапалы әрі қолжетімді болуы. Таза сумен халықты қамту үшін Таласта талай жұмыс істеліп жатыр. Осы мақсатта  Талас ауданы Қаратау қаласына арналған Көктал су құбырын салуға 2 848 273,0 мың теңге қаралған. Аталған нысан 2020 жылы басталған болатын.  қаралған қаражат 263 333,0 мың теңге, 2021 жылы бөлінген қаражат 1 716,516,0 мың теңге болса өткен жылы 544 559,0 мың теңге бөлінген болатын. Құрылыс нысаны бойынша – 33,4 шақырым су құбыры, 32,4 шақырым 4 пластикалық құбыр 1 шақырым  темір құбыры жүргізілді, қажетті  4 ұңғыманың 2 данасы 270 метрлі, 2 данасы 140 метрлі. Бүгінгі таңда 2 дана 270 метрлі ұңғыма толық қазылып, 125 құдық толық орнатылды.
Талас ауданындағы коммуналдық қызметтің басты бағыттарының бірі –  елді мекендердегі таза сумен қамту. Жалпы  жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту бойынша  10 577,0 мың теңге қаржы бөлінген болатын. Мұның ішінде Үшарал ауылын сумен қамту бойынша  5 557,0 мың теңге бөлініп, жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Мердігер – « Тараз Гео Проект Люкс» ЖШС. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық, шаруашылық басқармасына 485 766,7 мың теңгеге бюджеттік өтінім тапсырылды. Ал аудан орталығының  оңтүстік-шығыс бөлігінде «Бәйтерек» саяжайы орналасқан. Алаңы 58,0 гектара мұндағы учаскелер сены 1088, иесіз учаскелердің саны 618 құрап отыр.  Саяжайда 263 үй, шамамен 450-ден астам адам тұрады. Арнайы мақсаты бағбандық және саяжай үшін. Суғару жүйесі арық арқылы келеді.
Жоғарыда аталған «Бәйтерек» саяжай тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында ЖСҚ әзірлеуге аудандық бюджеттен 5 148,0 мың теңге бөлінген. Мемлекеттік сатып алу конкурсы бойынша жеңінпаз мердігер «ВивоСтрой» ЖШС. Жобаның жалпы құны 870 363,0 мың теңгені құрайды.
Жалпы Талас ауданында 23 елді мекенінің 16-сы сумен қамтамасыз етілген. Ал қалған 7 елді мекен орталықауыз су жүйесіне қосылмаған. Осыған орай ауыз сумен қамтылмаған Үшарал ауылын сумен қамтамасыз ету мақсатында жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, 485 767,0 мың теңгеге Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылған. Осыған орай, республикалық бюджеттен 200 000,0 мың теңге қарастырылды. Құрылыс жұмыстары 2023-2024 жылдарға жоспарланған.
Одан бөлек Қаратау қаласындағы «Флора» саяжай алқабын сумен қамтамасыз ету мақсатында жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, құны 870 363,0 мың теңгеге Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім берілді.
«Қыстың қамын жаз ойла» дейді халқымыз. Өткен жылы облыстық бюджеттен Қаратау қаласындағы  2 шақырым 270 метр жылу желілерін күрделі жөндеу мен ауыстыруға 112 миллион 612 мың теңге бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары қазан айында толығымен аяқталған болатын. Ағымдағы жылы «Зеленстрой» ҚТБ мекемесінен Панфилов №1 көшесіне дейінгі 1 шқ 120 метр жылу желілерін күрделі жөндеу және ауыстыру үшін 95 млн 282 мың теңгеге бюджеттік өтінім берілді.
Мазут шаруашылығын қайта жаңғырту бойынша 2021 жылы «ФАН» ПКФ ЖШС тарапынан жоғарыда аталған мазут сақтаушы станциясын техникалық және диагностикалық тексеруден өткен болатын. Қорытындының нәтижелері бойынша «ФАН» ПКФ ЖШС әрі қарай пайдалану мүмкін емес деп деп санаған еді. Бұл  шаруашылықты қайта жаңғырту бойынша 2023 жылы жалпы құны 732 198,1 мың теңгеге ЖСҚ әзірленіп Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім ұсыну бойынша жұмыстар атқарылуда.
Талас ауданына көгілдір отын желісінің жеткізілгеніне де біршама уақыт өтті. Бұл тұрғындардың тілегін орындаумен бірге ауданның экологиялық ахуалы да біршама жақсартуға өз үлесін үлесін қоспақ. Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан Аққөл, Қызыләуіт және Ақтөбе елді мекендеріне газ құбырларын салу жұмыстары жүргізілуде. Жоба 2022-2023 жылдарғаөтпелі. Жобаның құны 3 миллиярд 221 миллион. 700 мыңтеңге. Ақкөл, Қызыләуіт, Ақтөбе елді мекендерінде ішкі кварталдық газ тарту желісінің құрылысы бойынша мемлекеттік сараптамадан өткізуімен жобалық-сметалық құжаттама әзірлеубойынша 2020 жылдың 25 ақпанында «Бакыт таңы» ЖШС-мен келісімшарт жасалған болатын. Келісімшарт соммасы  10 миллион 23 мың теңгені құрап отыр. Сонымен қатар Талас ауданы, Майтөбе, Қожағаппар елді мекендерін газдандыруға Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика жәнетұрғынүй коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан бүгінгікүнге 444 миллион 444 мың теңге бөлініп, «Билікөл» автоматтандырылған газ тарату станциясының құрылысы жүргізілді.  Аталған елдімекендерге газ құбырын тарту бойынша аудан әкімдігінің сәулет қала құрылысы және құрылыс бөлімі тарапынан 1 100 000,0 мың теңгеге сметалық құжаттама әзірленген болатын.  Бүгінгі күні Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Тазалық – денсаулық кепілі, қоршаған ортаны таза ұстау баршамыздың парызымыз. Тазалықтың басты кепілі – таза орта. Бұл бағытта Талас ауданында тал отырғызу жұмыстары жыл сайын жалғасып келеді. Өткен жылғы жоспар бойынша ағаш егу жұмыстары 100 пайыз атқарылып, 16000 түп ағаш отырғызылды. Сонымен қатар, Қаратау қаласы және ауылдық округтер бойынша 152 шақырым арық, каналдар, 193,5 шақырым көшелер, 10 842 шаршы метр саябақтар, скверлер тазаланды және 5 578 шаршы метр гүлзарлар орналастырылды. Кездейсоқ күл-қоқыс орындарын тазалау барысында 277 тонна қоқыс тиісті орынға шығарылды. Аудан елді мекендерін мәдени келбетін көтеру, санитарлық тазалық жағдайын арттыру мақсатында, Қаратау қаласы мен округтерде 10 рет сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып, оған шамамен (әр сенбіліктерде) 1 000 жуық адам қатысқан болатын.
2022 жылдың күзгі сенбілік жұмыстарын сапалы және мерзімінде өткізудің іс-шара жоспарына сәйкес арық каналдарды тазалау бойынша – 150 шақырым тазаланды, көшелерді тазалау – 216,8 шақырым, саябақтар, скверлерді тазалау – 14 510 шаршы метр, санитариялық тазалау және кездейсоқ күл-қоқысты шығару бойынша – 258 тонно болып, тиісті жұмыстар 100 пайыз  атқарылды. Аудан көлемінде көгалдандыру және жасыл аймақтар құру жөніндегі бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, 2000 түп тал көшеттерін отырғызу жоспарланып, жоспар  100 пайыз орындалды.
Бүгінгі күнге Қаратау қаласы және ауылдық округтер бойынша 15 000 түп ағаш егу жоспарланған. Сонымен қатар, Қаратау қаласы және ауылдық округтер бойынша 154,6 шақырым арық, каналдар, 224,2 шақырым көшелер, 10 842 шаршы метр саябақтар, скверлер тазаланды және 13 020 шаршы метр гүлзарлар орналастырылды деп жоспарланған. Сонымен қатар Кездейсоқ күл-қоқыс орындарын тазалау барысында 299 тонна қоқыс 30 сәуірге дейін толықтай тиісті орынға шығарылады.
«Өз үйің – өлең төсегің» дейді халқымыз. Таластықтарды тұрғын үймен қамту мақсатында жылдар бойы жұмыстар жалғасып келеді.  Айталық 2019 жылы Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесіне орай «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Талас ауданы, Қаратау қаласында жаңғыртудан өткен 60 пәтерлік көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Қаладағы №5 ықшамауданда орналасқан №55 үйге қайта жаңғырту жұмыстарын  мердігер «Темір-Байлық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген еді. Жоба құны 228 миллион 450 мың теңгені құраған нысан инфрақұрылымдық жұмыстары жүргізілген. Мереке қарсаңында пайдалануға берілген бұл арендалық тұрғын үйде екі бөлмелі 10, үш бөлмелі 30, төрт бөлмелі 20 пәтер бар. Аталған  тұрғын үйге қоныс аударатын адамдардың тізімі аудандық тұрғын үй комиссиясы тарапынан жасақталған болатын.  Пайдалануға берілген көпқабатты тұрғын үйден пәтер алған 60 отбасының 40-ы әлеуметтік аз қамтылған отбасылар тобына жатады. Оның ішінде көпбалалы 17, толық емес 15, мүгедек бала асыраушы 2 отбасы бар. Сондай-ақ, 1 мүгедек және 5 оралман отбасы да пәтер кілтін иеленген. Қалған 20 пәтер мемлекеттік және бюджеттік қызметкерлер мен қызметтік пәтер иеленушілерге берілсе 2021 жылы  ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай екі көпқабатты тұрғын үйдің кілті табысталған болатын.   «Қазфосфат» ЖШС ұзақ уақыт бойы бос тұрған 72 пәтерлі үйді қайта жөндеуге 1,2 миллиард теңге жұмсаған еді.
2022 жылы Қаратау қаласы бойынша тұрғын үй қорынан көп қабатты тұрғын үй кезегіне тіркелген «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасыларға 25 пәтер сатып алынып, кілттері табысталды.   Сонымен қатар бөлім зерделеуімен анықталған 20 пәтер, яғни, кезек ретімен пәтер алып заңсыз жалға берген және өздері тұрмай бос тұрған пәтерлер әлеуметтік осал топтағы мүгедектерге, толық емес отбасыларға, көп балалы отбасыларға берілді.  Сонымен қатар, өткен жылдың желтоқсан айында, кезек тұрған Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға кезек ретімен пәтер алып заңсыз жалға берген және өздері тұрмай бос тұрған 6 пәтердің кілті табысталған болатын.
Бүгінгі күнге Талас ауданы бойынша 1594 адам үй кезегінде тұр. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 74-бабына сәйкес 2022 жылға кезек тізіміне түгендеу жүргізіліп, бекітілді.
Ағымдағы жылы қаңтар-наурыз айларында «Е-өтініш» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы бойынша 33 жолданым түсіп, олар бойынша заң аясында тиісті шешімдер қабылданды.
Жұмаш Жолболды
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.