Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сыйлық берудің әдебі

0 681

Қазақта «сыйлық», «сый-сияпат» деген ұғымдар бар. Сыйлық ол ілтипат. Бір адамның екінші адамға берілетін шынайы көңілі, ізгілігі мен ықыласының көрінісі. Сыйлықтың қатқан жүректі жібітіп, сүйіспеншілік пен мейірім орнататын ерекше қасиеті бар. Қайнаған ашу ызаны сейілтіп оның орнына жылы қабақ, таза көңіл, оятатын ерекше күшке ие. Сыйлық алғанда адамның жаны жадырап, көңілі көтеріліп, іштей бір марқайып қалады. Асыл дінімізбен біте қайнасқан қазақи салт-дәстүрімізде сый тарту ежелден бар үрдіс.

Сыйлық деген тек қана ат мінгізіп, шапан жабу емес.Тура жолдан жаңылмай, ісіңмен де, сөзіңмен де көңілі құлазыған адамға көңіл шай беріп, сый-сияпат көрсетудің өзі үлкен сыйлық. Оның үлкен-кішісі болмайды. «Орамал тон болмайды, жол болады», – демекші көңілдің айнасын құрайтын сыйлықтың рөлі күшті.
Сыйлық берумен қатар, оны қабылдай алудың өзі бір өнер мен ілтипатты талап етеді. Сондықтан оның шынайы көңілдің жадырап-жайнап кетуіне де тигізер септігі мол. Адамның сезімін, жай-күйін, сыйлық бергендегі әсерін қуанышын көрудің өзі сыйлық берушіге екі есе бақыт сыйлайды. Сыйлық сыйлағаннан кейін оған тиісті ризашылық білдіруі керек. Өйткені сыйлық беруші адам сол үшін уақытын, ойын, дүниесінің бір бөлігі мен бар ықылас махаббатын жұмсайды. Сыйланған сыйлықты сый тартқан адамның көзінше бір бұрышқа ысыра салса ол үлкен әдепсіздік болып саналмақ.
Ислам әдебінде сыйлық ретінде адал табыспен келген заттың берілгені дұрыс. Ал өзіне тиесілі болмаған дүниені беру адалға жатпайды. Атып әкелген аң да сыйлыққа жарамайды.
Сыйластықтың алтын көпірі адамдар арасындағы жан жылулығын, сүйіспеншілігін арттыратын, үлкен-кіші, әйел, ер деп бөлінбейтін кез-келгеннің адал ниетінің ақ парағы болатын бұл дәстүрдің әрбір жанға тиер пайдасы мол!

Жанерке ЖАНҰЗАҚ,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Web-журналистика» мамандығының 4 курс студенті

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.