Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жолаушыларға қолайлы жағдай жасау – уақыт талабы

0 443

Қазіргі таңда Батыс Еуропа – Батыс Қытай автожолының облысқа тиесілі аумағында интернет пен ұялы байланыстың тиімділігін арттыру аса маңызды. Өйткені, халықаралық транзиттік көлік дәлізінің басым бөлігі ақылы жол болып есептеледі. Сәйкесінше, тас жолдың әрбір шақырымына қаражат төлейтін жолаушыларға қолайлы жағдай жасау – уақыт талабы.

Бір қуанарлығы, «КаР-Тел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Батыс Еуропа – Батыс Қытай көлік жолының таралымында ғаламтор мен ұялы байланыс жүйесін толық қамтамасыз етуге әлеуеті жетеді. Яғни, серіктестіктің техникалық мүмкіндігі зор. Қордай ауданы әкімдігіне қарасты құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің ақпаратына сүйенсек, мұндағы Отар және Қайнар елді мекендерінің арасындағы Батыс Еуропа – Батыс Қытай автожолының бойында жобаланған ұялы байланыс станциясын қосуға арналған қондырғының құны есебі бар. «Жамбыл Электр Жүйесі» серіктестігінің болжамды есептеулері бойынша оның құны шамамен 131 038,137 миллион теңгені құрайды.

Сондай-ақ, Бетқайнар ауылдық округіндегі Батыс Еуропа – Батыс Қытай көлік дәлізінің бойындағы «ЖЭС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің электр желілеріне «Кар – Тел» серіктестігінің ұялы байланысының базалық станциясын қосу үшін құжаттама әзірленуде. Жалпы ұзындығы 12,5 шақырымды құрайтынВЛ-10 кВ КТПН-10/0,4 электр беру желісініңинженерлік инфрақұрылымының құрылысын салуға арналған жобалық сметалық құжаттың құны – 12 619,8 миллион теңге көлемінде.

Жамбыл облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.