Қалалық қоғамдық-саяси газет

Экологияны сақтау – ортақ міндет

0 554

Қазіргі таңда ең маңызды мәселенің бірі – экология. Ол әр адамның жайлы өмір сүруіне тікелей әсер етеді. Сондай-ақ ел экономикасына да тигізер ықпалы зор.

Елімізде экология саласын реттейтін «Жасыл экономика туралы» Заң қабылданған болатын. Осыған сәйкес нақты мақсат-міндеттер де қойылды.
2017 жылы Астана қаласында өткен «Болашақтың энергиясы» тақырыбымен өткен EXPO көрмесі энергия үнемдеудегі ең үздік технологияларды пайдалануға мүмкіндік берді.
Әрине, экология халықтың денсаулығына да тікелей қатысты. Сол себепті бұл мәселеге бей-жай қарамай, барынша атсалысуымыз қажет. Эколог мамандардың жүргізген зерттеулеріне сүйенсек, Жамбыл облысында ауаның ластануы 17 пайызға азайған. Бұл осы бағыттағы кешенді шаралардың көрінісі екені сөзсіз.
Табиғат – баршамыздың ортақ үйіміз. Сол себепті оны аялау барлығымызға ортақ міндет болуы тиіс.

Арайлым Ершеева,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Конвергентті журналистика» мамандығының 4 курс студенті

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.