Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сайлауға трактормен келген тұрғын көпшілікті тәнті етті

0 280

Петропавлда өз таңдауын жасау үшін сайлау учаскесіне трактормен келгендер де бар. Қала тазалығын қамтамасыз етумен айналысатын коммуналдық шаруашылық саласы қызметкерлері үшін бүгін – жұмыс күні. Соған қарамастан, жұмысшы Болатбек Кәрімов сайлауда дауыс беруге уақыт тауып, өз учаскесіне трактормен келді. Жұмысшының тракторды тізгіндегеніне 20 жыл болыпты.

Дауыс беруге уақыт тауып, сайлау учаскесіне трактормен келді

«Бүгін көңілім көтеріңкі. Сайлауға әркім келіп, өз таңдауын жасауы тиіс деп санаймын. Әсіресе, жастарды саяси белсенділікке баулу керек. Олардың әрқайсысы сайлауға қатысса, еліміздің ертеңі де жарқын болмақ», – дейді тракторшы.

Оның учаскесі Юрий Гагарин атындағы орта мектепте орналасқан. №574 сайлау учаскесінің төрағасы Михаил Ярышевтің айтуынша, мұнда 1850 сайлаушы тіркелген. Соның 200-ден астамы сағат 12:00-ге дейін өзінің конституциялық құқығын пайдаланып, дауыс беріп үлгерді. 12 адам өз үйінде дауыс беруге өтініш білдірген. Өмірінде алғаш рет дауыс беретін 4 адам бар.

aikyn.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.