Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда 100 жастағы Анна Землянская өз таңдауын жасады

0 300
Тараз қаласының тұрғыны, балалар дәрігері, кейін теміржол ауруханасында балалар ревматологы болып қызмет атқарған 100 жастағы Анна Землянская өз таңдауын жасады. Денсаулық жағдайына байланысты қарияның дауысын сайлау комиссиясының мүшелері үйіне барып алды.
Ғасыр жасаған кейуана барлық саяси науқандардан қалмай, белсенді түрде қатысып келеді екен. Ол соңғы 30 жылда болған сайлаудың барлығы есінде қалғанын жеткізді.
«Бүгін елімізде өтіп жатқан саяси науқанға өз үлесімді қоссам деген ниетпен таңдауымды жасадым. Елеулі өзгерісті қалайтын, ел тағдырына алаңдайтын барлық азамат, жастар бүгінгі шарадан қалыс қалмауы тиіс деп ойлаймын. Халқымыз аман болсын! Өзгерістердің барлығы оңынан болсын!» – деді кейуана.
Сайлау учаскесі мүшелерінің айтуынша, Анна Кузьминична әркез жастарға үлгі болып, мемлекеттің іргесін нығайту бағытындағы өзгерістерден қалмай, өз үлесін қосып келеді.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.