Қалалық қоғамдық-саяси газет

Көршілер де сайлаудан шет қалмады

0 334

Бүгін елімізде ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы өтуде. Сайлау учаскелеріне барып, дауыс беріп жатқан халықтың қарасы сәт сайын артуда. Солардың қатарында Тараз қаласындағы Киікбаев көшесінің тұрғындары да бар. Көршілер ұйымдасып №3 сайлау учаскесіне келіп, бір уақытта өз таңдауларын жасады.

– Осы көшеде тұрып келе жатқанымызға ширек ғасырдан асты. Көршілер бір-бірімен тату-тәтті тұрамыз. Соның арқасында еліміздегі ешбір саяси науқаннан шет қалған емеспіз. Бүгінде жиналып, бір кісідей дауыс бердік. Президентіміз айтқандай, жаңа Қазақстанды құру өз қолымызда. Ол үшін әрбір азамат конституциялық құқығын пайдаланып, дауыс беруі қажет. Өзге де жерлестерімді сайлауға белсене қатысуға шақырамын, – дейді көше тұрғыны Нұрлыбек Әбдрайымов.

Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Думан Тәттібаеваның сөзінше, мұнда 2 384 адам тіркеліпті. Олардың 21-і мүмкіндігі шектеулі азаматтар. Комиссия мүшелері олардың үйлеріне арнайы барып, өз дауыстарын қабылдап қайтқан.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.