Қалалық қоғамдық-саяси газет

№4 бір мандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Мүсірбеков Дархан Оспанұлы

0 240

Құрметті сайлаушылар!

Біз, тәуелсіз Қазақстанның жас буыны, талпынысымыздың, біліміміз бен қабілеттеріміздің мемлекет және қоғам дамуының қозғаушы күшіне айналатынына сенімдіміз. Елдегі оң өзгерістер қарқынын күшейту мен оны әлемнің бәсекеге қабілетті мемлекеттердің қатарына қосу – біздің күш-қуатымызда.
Жастардың әлеуетін нәтижелі пайдалану және олардың энергиясын еліміздің бүгіні мен сенімді болашағын құруға бағыттау аса маңызды.
Өзімнің жастық күш-жігерімді еліме қызмет етумен байланыстыра отырып, мәслихат депутаттығына түсуді жөн санадым.

Мен, Мүсірбеков Дархан Оспанұлы, 1986 жылы 25 қарашада Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қызыләуіт ауылында дүниеге келдім. Білімім – жоғары. 2015 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін «Тарих» мамандығы бойынша бітірдім.
Еңбек жолымды 2009 жылы Тараз қаласы әкімдігінің білім бөліміне қарасты Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясында мұғалім болып бастадым.
2014 жылы Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің Төле би атындағы №8 гимназиясына директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып ауыстым.
2023 жылдың 1-ші ақпаны күні Тараз қаласы білім бөлімінің № 61 орта мектебінің директоры лауазымына тағайындалдым.

Жамбыл облыстық мәслихатының №4 округіне қарасты 18 сайлау учаскесі құрылған. Аумақты дамыту бағдарламасын, БАҚ беттерінде, әлеуметтік желілерде жарияланған аумаққа қатысты мәселелерді талдау және тұрғындармен сұхбаттасу барысында Жамбыл облыстық мәслихатының № 4 округіне қарасты аудандарында:
– Жалпы білім беретін мектептердің материалдық-техникалық базаларының ескіргені;
– Балаларға арналған ойын алаңшаларының жеткіліксіздігі;
– Бейберекет сауда орындарының көбеюі және санитарлық талаптардың сақталмауы;
– Көпқабатты тұрғын үйлерге қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу;
– Аулаларды абаттандыру және тұрмыстық қатты қалдықтардың уақытылы шығарылып тұруы;
– Көпбалалы отбасыларға әлеуметтік көмектердің (қоғамдық көлікте тегін жүру мүмкіндіктерін қарастыру) жасалуы;
– Аумақтағы жаяу жүргіншілерге арналған жолдарды жөндеу туралы бірқатар мәселелердің бар екеніне көз жеткіздім.

Осыған орай аталған мәселелерді шешуге байланысты төмендегі сайлауалды бағдарламаны ұсынамын:

– Аумақта орналасқан мектептер мен балабақшаларға баратын жаяу жүргіншілер жолдарын орташа жөндеуден өткізуге және қажетті қаражаттың қарастырылуына;
– 2025 жылға дейінгі мерзімде кемінде бес көпқабатты тұрғын үйге қайта жаңғырту жұмыстарының жүргізілуіне, аулалардың абаттандырылуына және контейнерлік алаңдардың жаңартылып отыруына;
– Жыл сайын кемінде балаларға арналған бір ойын алаңшасының орнатылуына;
– Ықшамаудандардағы бейберекет сауда орындарының ретке келтірілуіне;
– Халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, санаса отырып, халық үнін билік өкілдеріне жеткізуге;
– Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсету арқылы олардың еңбектің түрлі шараларымен қамтылуына ықпал ету, халыққа көрсетілетін мемлекеттік әлеуметтік міндеттемелердің орындалуына, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылардың төленуіне қоғамдық бақылау жасауға күш саламын.

Құрметті жерлестерім!

Болашағымыздың ертеңі қандай болатыны әрқайсысымызға байланысты.
Бұл сайлауда дауыс беру арқылы әркім өз болашағына ықпал етеді, таңдауы арқылы ертеңін анықтайды.
Сондықтан сіздерді сайлауға келуге және туыстарымыз бен достарымыздың бақытты және табысты өмірі үшін дауыс беруге шақырамын. Бұл міндеттерді жүзеге асыруға еліміздің әрбір азаматы атсалысуы тиіс деп ойлаймын. Күшіміз – бірлікте. Болашақ өзгерістерді бірлесіп жасауға шақырамын!

 

Тапсырыс беруші: №4 бір мандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат МҮСІРБЕКОВ Д.О.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстары есебінен төленді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.