Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ердос САҚПАНҚҰЛОВ: Ауданымның өмір сүру сапасын жақсартқым келеді

0 360

«Адырна» ұльттық порталы «Сайлау – 2023» айдары бойынша Парламент мәжілісіне және жергілікті мәслиахттарға депутаттыққа үміткерлермен сұхбаттар жүргізуде. Бүгін Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданының Мәслихатының депутаттығына үміткер Сақпанқулов Ердос Тілепбайұлымен шағын сұхбат құрған едік.

Ердос мырза, сіздің Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданының Мәслихатының депутаттығына үміткер ретінде тіркелгеніңізді білеміз. Не себепті мәслихат депутаты болуға шешім қабылдадыңыз?

– Мен ауданымыз бен ауылымыздың дамуына өз үлесімді қосқым келеді. Бүгінде ауыл-ауданымызда жиналып қалған мәселелер шаш-етектен. Атап айтқанда, ауданымыздың орталық канализация құбыры әбден тозып, істен шығудың алдында тұр. Ауданның кейбір аумақтарында канализация мүлде жлқтың қасы. Бұл адамдардың денсаулығына, өмір сүру сапасына кері әсерін тигізері сөзсіз. Кез келген мемлекеттің ең бірінші байлығы – адам және оның денсаулығы.

 Өзім құрылыс саласының маманы болғандықтан, дәл осы мәселенің қыр-сырын терең білемін. Ертең депутаттық мандатқа ие болғанда жұмысымды дәл осы түйіткілді шешуден бастасам деймін.

Ауданымызды жаңа ғимараттармен гүлденіп-дамуына, әлеуметтік нысандарды абаттандыруға өз үлесімізді қоссам деймін. Атап айтқанда, жалпы мектептер, спорт мектептері, саяжайлар, бау-бақшалар және тағы басқа нысандардың саның артуына еңбек етемін.

Жер-су, жайылым мәселелері бойынша жүйелі жұмыс жүргізуді жоспарлап отырмын. Жайылым жерлер күннен күнге тарылып барады. Бұл бойынша зерттеулер жүргізіп, алдағы уақытта нақты ұсыныстар әзірленетін болады.

Ауданымыз бен ауылдарымыздың экологиялық мәселесі де күн санап күрделеніп барады. Бұл бүкіл әлемде қалыптасып отырған жағдай. Бүкіл ел болып бәріміз бірлесіп шешетін өзекті мәселе. Ал депутаттардың бұл мәселене тіпті бей-жай қарауына болмайды.

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға, көп балалы отбасыларға, жетімдер мен жалғыз басты аналарға әлеуметтік көмек көрсету, жұмыспен қамту мәселелері бойынша жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесе отырып заңнамалық жұмыстар жүргізуді жоспарған жайымыз бар.

«Ауылым – алтын бесігім» деген қазақпыз. Қазақ елінің болашағы ауылда деп есептеймін. Сол үшін қазірден бастап ауылға дұрыстап көңіл бөлуіміз қажет.

«Ит тойған жеріне, ер туған жеріне…» дейді. Өз туған ауылыма қызмет етуді парызым деп санаймын.

– Өзіңізді оқырмандарға қысқаша таныстырып жіберсеңіз. Еңбек жолыңызды да біле оырсақ, артық етпейді.

– 1985 жылы Тұрар Рысқұлов ауданының Көкдөнен ауылында дүниеге келдім. Ал Алматы құрылыс және менеджмент колледжі, Тараз Х.М.Дулати университетінде инженер құрылысшы мамандығын оқып аяқтадым. Еңбек жолымды 2003 жылы «Тараз құрылыс дизайны» мекемесінде қарапайым құрылысшы болып бастадым. Содан бастап әртүрлі құрылыс команияларымды жемісті қызмет еттім. 2015-2017 жылдары Алматы қаласындағы логистика бойынша «Liberty Company» ЖШС басшысы қызметін атқардым. Одан кейін 2017-2018 ж. Алматы облысы, Қарғалы ауылындағы «Жан-Тайыр Сәулет» ЖШС басшысы атандым. 2018-2021 жылдары Алматы қаласы «Stroi SERVICE GROUP KZ» ЖШС басшысы болдым. Одан өзге де құрылыс саласына қатысты мекемелерде лауазымды қызметтер атқардым.

Жоғарыда аталған компаниялардың бәрі де сәулет, құрылыс, сараптама, геологиялық барлаумен тығыз байланысты мекемелер.

Осы тәжірибеммен, біліммен ел игілігіне қызмет ету барысында бөліскенді жөн көрдім. Сол себепті, сайлауға түсуге бел будым.

«Жаңа Қазақстан», «Әділетті Қазақстан» ұғымдарының шын мәнінде елге қызмет ететін уақыты келді. Сөзден іске көшетін кез жетті! Алаш қайраткері Әлихан Бөкейхан « Ұлтқа қызмет ету – білімнен емес, мінезден» дегендей, біз де елімізге қал-қадірімізше еңбек етуді мұрат тұтып отырмын.

Әңгімелескен Нұртай ЕРІКҰЛЫ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.