Қалалық қоғамдық-саяси газет

№7  сайлау округі бойынша Т. Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаттығына үміркер Абдраимова Айнагул Бекболовнаның сайлауалды бағдарламасы

0 809

Өмірбаян

Мен, Абдраимова Айнагул Бекболовна, 1979 жылдың 1 қарашасында Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Каменка ауылында дүниеге келдім.

1985 жылы Каменка  орта мектебінде оқып, 1996 жылы осы мектепті бітіріп, аттестат алдым.

1996-1997 жылдары «Педогогика және психология» курстарын бітіріп, сертификат алдым.

1997-1998 жылдары компьютер курстарын оқып, Word және Excel бағдарламаларын меңгердім. Сертификат  алдым.

1999-2001 жылдары Каменка орта мектебінде  іс-жүргізуші  болып жұмыс істедім.

2008-2010 жылдары Құлан ауылшаруашылығы  колледжін «Экономика, бухгалтерлік  есеп  және  аудит» мамандығы  бойынша  бітірдім.

 Құлан  агротехникалық колледжінің  дуальды оқыту  бағдарламасы бойынша 2010 жылдан бері серіктес тәлімгермін.

Құлан мектеп-гимназиясының қамқоршылық  кеңесінің мүшесімін.

24.10.2022 жылы «Бейбітшілік әлемі. Планета мира. World of peace» халықаралық қазақ творчестволық бірлестігінің «Мейірбан ана» орденімен марапатталдым.

2002 жылы тұрмыс құрдым.Төрт ұлым бар.

Қазіргі   таңда  «Алрай» шаруа  қожалығының басшысымын.

Құрметті  №7  сайлау округінің   сайлаушылары!

Алдағы  уақытта:

Егер де мен аудандық мәслихаттың депутаттығына сайланатын болсам, ең әуелі өңірдегі басты мәселелерді шешуге барынша күш салатын боламын. Соның бірі – су тасқыны.

Өздеріңізге белгілі, биыл табиғат тосын мінез танытып, еріген су тоңғақ жерге сіңбей, жергілікті жұртты әбден әбігерге салды. Меніңше, бұл мәселені жылда алдын алғанша, түбегейлі шешкен дұрыс. Ол үшін әрине білікті мамандардың кеңесіне жүгініп, қауіпті аймақтарға «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесін тартып, республикалық деңгейде жұмыс жүргізгеніміз абзал. Арық пен атыздарды, канал мен тоспаларды талапқа сай қаздырып, ол үшін арнайы сметалық құжаттар дайындауымыз керек. Бұл – бір. Екіншіден, мен аудан тұрғындарына жайлы жағдай жасауға бар күш-жігерімді, білімімді, тәжірибемді қолданамын. Осы мақсатта білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру жұмыстарын жүйелендіріп, қолжетімді етуге тырысатын боламын.

Бала – біздің басты байлығымыз, жарқын болашағымыздың кепілі. Меніңше, бала қауіпсіздігі, оларға берілетін білім сапасы, ыстық тамақпен қамтылуы басты назарға алынуы тиіс. Мәселен, дәл қазір мені Құлан ауылында орналасқан Құлан мектеп-гимназиясы оқушыларының мектепке келіп-кетуі қатты алаңдатады. Аталмыш мектеп аудан орталығында орналасса да, әлі күнге дейін мектепке апаратын жаяу жүргінші жолы жоқ. Бар болса да талапқа сай емес. Осы олқылықтың кесірінен мектеп оқушылары қар қалың жауған кездерде көк мұзға оранған жол үстімен жүруге мәжбүр. Бұл жерде, әрине, жол апатының болу қауіпі жоғары. Сол себепті де, мен аудандық мәслихат депутаттығына сайланатын болсам, мектепке апаратын жолға міндетті түрде жаяу жүргіншілер жолын салуға өз ықпалымды тигізетін боламын. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер жолын аудан орталығында орналасқан спорт кешеніне де қарай бағытта салғанымыз дұрыс. Бұл баянды бастама бала қауіпсіздігін қамтамасыз етуге сеп болады.

Сонымен қатар, мені Алматы, Сырдария, Махамбет Өтемісұлы көше тұрғындарының түйткілді мәселелері алаңдатады. Көше жолдары 20 жылдан бері жөндеу көрмей, ауыз су мәселесі де шешілмей келеді. Айта кетейін, аты аталған көшелерге ортақ қос қордаланған мәселе менің назарымда болмақ.

№7 сайлау округі құрамына кіретін Шөңгер ауылында да кезегін күткен мәселе жетерлік. Соның бірі – медициналық нысан болса, екіншісі – тұрғындардың қатынау мәселелері. Меніңше, шөңгерлік тұрғындардың бұл қос мәселесі де ұдайы бақылауға алынып, жуық арада шешілуі тиіс. Сондай-ақ, Шөңгерде жаңадан қосылған көшелерге су, көгілдір отын, электр желісі сынды инфрақұрылым жүйелерін тарту жұмыстарында назардан тыс қалдырмаймын.

Сөз басында жергілікті жұртқа жайлы жағдай жасау басты міндеттерімнің бірі екенін атап өттім. Сол сөзімнен айнымай, алдағы уақытта Сұрапбай Жамбылов көшесінің бас жағында 2,5 шақырым қашықтықта орналасқан бейітке дейінгі жолды ретке келтіруді, шағал тастарды төсеуді көздеп отырмын. Шыны керек, ауыл тұрғындары қыс мезгілінде әрі жаңбыр жауған сәттерде осы аралықтағы жолдың азабын әбден тартып келеді.

Аса құрметі де, қадірлі сайлаушылар! Мен Сіздерді еліміздің келешегі кемел, болашағы жарқын болуы үшін дұрыс таңдау жасауға шақырамын!

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.