Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Ақ жаулықты аналар ардақталды

0 567

Бүгін Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығына ат басын бұрды.
Әуелі сөз алған шаһар басшысы ақ жаулықты аналарды мерекемен құттықтап, ізгі лебізін жолдады.
— Халқымыз қашанда дария көңіл, кең кеуде қарттарымен мақтана білген. Қазақстанның өсіп-өркендеуі, еліміздің бейбіт өмір кешуі осы ардақты да аяулы аналарымыздың арқасы деп білеміз. Сіздердің өнегелі өмір жолдарыңыз бүгінгі ұрпаққа қайталанбас үлгі. Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ өмір тілеймін! Езулеріңізден күлкі кетпесін, — деген Бақытжан Әмірбекұлы аналарға арнайы сый-сияпаттарын табыс етті.
Мерекелік шара одан әрі тараздық өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасты.
Бұдан кейін шаһар басшысы орталықтың маңайына тал көшеттерін отырғызды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.

error: Көшіруге болмайды! Редакцияға хабарласыңыз.