Қалалық қоғамдық-саяси газет

Түркиядағы жел сілкінісінің салдарынан қаза болғандардың саны 284-ке жетті

0 431

Түркиядағы жел сілкінісінің салдарынан, елдің 10 провинциясында қаза болғандардың саны 284-ке жетті. Ал зардап шеккендердің саны 2383 адам. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат сағат сайын өзгеруде.

Түркиялық БАҚ-тың мәліметіне сүйенсек 6,4 және 6,6 магнитудалы екі жерасты дүмпуі Нурдагы ауданында, ал 7,4 баллдық жер сілкінісі Кахраманмараш провинциясындағы Пазарджик ауданында жергілікті уақыт бойынша 04:17-де 7 км тереңдікте болған. Сондай-ақ бұл 1999 жылдан кейінгі ең ауыр жер сілкінісі екен. Сол жылы 18 мыңға жуық адам қаза тапқан еді.

Айта кетейік, Түркиядағы жер сілкінісіне байланысты Тоқаев, Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Түркия Республикасында болған аса күшті жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Осындай қиын сәтте жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ бүкіл түрік ағайындарымыздың ауыр қайғыларына ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын», – делінген жеделхатта.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.