Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбылда жел электр станциясы салынады

0 344

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен ин- вестициялық штабтың кезекті отырысында жаңа өндіріс орындарын ашу және қолданыстағы кәсіпорындарды кеңейту жобалары талқыланды.

Басқосу барысында «KIDF management company» компаниясының өкілдері облыс аумағында қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясын салу жобасын таныстырды. Жоба Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне сапары аясында қол қойылған Қазақстан Энергетика министрлігі, KIDF қоры және «Masdar» компаниясы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес іске асырылмақ.
Нысанның құрылысы кезінде 1,3 мыңға дейін жұмыс орнын құру жоспарлануда. Ірі жел электр станция- сының іске қосылуы көмірқышқыл газының шығарындыларын жыл сайын 1,1 миллион тоннаға дейін азайтуға мүмкіндік бермек.
Сондай-ақ «Әулие-Ата Феникс» ЖШС кәсіпорынның қуаттылығын жылына 8 мың тоннадан 12 мың тоннаға дейін арттыруды көздеуде. Құс шаруашылығын дамыту жобасының екінші кезеңін жүзеге асыру барысында 40 жаңа жұмыс орны ашылады.
Бұдан бөлек, басқосу барысында қызылша қабылдау пункттерін салу және қымыз өндіру бойынша жобалар ұсынылды.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың барлық кезеңінде қолдау көрсетіледі.

Жұмаш Жолболды

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.