Қалалық қоғамдық-саяси газет

Атқарылған жұмыс ауқымды

0 3  825

Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан өткен жылы атқарылған жұмыс ауқымды. Айталық, былтыр 119 нысан аудиторлық іс-шарамен қамтылды. Оның ішінде тізім бойынша – 28, жоспардан тыс – 91, сондай-ақ 7-і Комитеттің тапсырмасы бойынша, 77 заңды және жеке тұлғалардың үндеуі бойынша және 7-і құқық қорғау тапсырмасы бойынша жүзеге асты.

Аудиторлық іс-шаралар нәтижесі бойынша 111 нысанда жалпы сомасы 38 828,3 миллион теңгені құрайтын бұзушылықтар анықталған. Мәселен, 4 048,7 миллион теңге қаржылық, 34 779,6 миллион теңге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алды. Оның ішінде 42 нысан бойынша мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптары бұзылып, жалпы сомасы 19 355,7 миллион теңгеге жеткен.
Тағы бір айта кетерлігі, бюджетке қайтарылып, қалпына келтірілуге тиіс 4 048,7 миллион теңгеден қолданылған шаралар арқылы 3 173,8 миллион теңге қайтарылып, қалпына келтірілді. Сол арқылы орнын толтыру көрсеткіші 78,4 пайызды құрады. Сонымен қатар жүргізілген іс-шаралар қорытындысы бойынша мекеме және кәсіпорын басшылары анықталған бұзушылықтар үшін 106 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылса, 37 әкімшілік материал салу 9,3 миллион теңгені құрап, оның 9 миллион теңгесі өндірілген. Яғни орнын толтыру 96,8 пайызды құрады.
Бұдан бөлек, арыздар және Комитеттің тапсырмасымен жүргізілген аудит материалдарының жалпы сомасы 1 061,6 миллион теңгені құрайтын 9 материал құқық қорғау органдарына жолданды.

М. Егембердиев,
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.