Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ережеп айы – рамазанның сүйіншісі

0 421

Баршаңызды қасиетті Ережеп айының келуімен құттықтаймын! Алла Тағала қасиетті айда жасаған құлшылық-дұғаларымызды қабыл еткей!

Бұл ай сауапты амалдар мен жақсылықтарға, мейірімге толы болсын!
Алла елшісі (с.ғ.с): «Ережеп – Алла Тағаланың күнәларды кешіретін айы. Алла Тағала құзырында сүйікті ай. Бұл айда ұрыс-жанжал, қантөгіс тоқтатылған. Ережеп айы – дәнді егу айы. Шағбан айы – егінді суару айы, ал Рамазан айы – егінді ору айы. Егілген егіннің жеміс бергені секілді, әрбір жақсы істің нәтижесі де болады. Сол себепті бұл айда ораза тұтып, көбірек намаз оқып, рухани амал жасау керек. Ережеп айы басталғанда Алла Елшісі: «Уа, Алла! Ережеп және Шағбан айларында бізге береке бер, бізді Рамазан айына жеткізе гөр!» – деп дұға еткен.
Алла Тағала отбасыларыңызға амандық, іс-кәсіптеріңізге береке, елімізге татулық, амандық берсін!

Ержан Аманбаев,
Тараз қалалық орталық «Әулиеата» мешітінің бас имамы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.