Қалалық қоғамдық-саяси газет

Өңірде діни ахуал тұрақты

0 350

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаевтың төрағалығымен өткен алқа мәжілісінде дін істері басқармасының 2022 жылы атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды.

Отырысқа облыс әкімдігі салалық басқармаларының басшылары, облыстық полиция және қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің өкілдері, облыс әкімдігінің терроризмге қарсы іс-қимыл қызметін үйлестіру бөлімінің басшысы, діни бірлестіктердің өкілдері, Тараз қаласы мен облыс аудандары әкімдерінің орынбасарлары және ішкі саясат бөлімдерінің басшылары қатысты.
Жиында дін істері басқармасының басшысы Сәкен Мыңбаев баяндама жасап, Қазақстан Республикасындағы діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның орындалу нәтижесіне, сондай-ақ дін саласында жыл ішінде әртүрлі бағыттарда басқармамен атқарылған жұмыстарға егжей-тегжейлі тоқталды.
Сондай-ақ жиналғандар алдында облыстық қылмыстық- атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары Қ.Жарылғапов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыс бойынша бас имамы Б.Мырзагелдиев және Орыс-Православие шіркеуінің протоиерейі Юрий Павлович діни экстремизмнің алдын алу бойынша бірлескен жұмыстар туралы сөз қозғады.
Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаев жауаптыларға теріс діни идеологияларға қарсы одан әрі профилактикалық жұмыстарды күшейтуді, дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру топтарының жұмысын жетілдіру және өңірдегі конфессияаралық келісімді одан әрі нығайту туралы тиісті тапсырмалар берді.

Құрмаш Қаптағай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.