Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Акцияның арқасында медициналық көмекке қол жеткіздім»

0 402

Мен 1976 жылы Өзбекстан Республикасы, Қарақалпақстанда дүниеге келдім. 2007 жылы отбасымызбен Отанымызға оралып, Тараздың іргесіндегі «Шөлдала» алқабына қоныс тептік.

Отбасымда күйеуім, 2 ұлым және 1 қызым бар. Үлкен ұлымыз III топтағы мүгедек. Өзім 2018 жылы инсульт алып, одан соң қант диабеті ауруына шалдықтым. 2021 жылдан бастап қант диабетімен, қан қысымының көтерілуімен есепте тұрмын. Жұмыс істеуге денсаулығым жарамайтын болғандықтан, мүгедек ұлыма қараймын. Мен мұны бекер айтып отырғаным жоқ. Өткен жылдың соңына таман Тараз қаласының прокуратурасы №11 аумақтық округтегі № 55 орта мектепте құқық қорғау жəне жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп «Заң керуені» акция- сын өткізген болатын. Мен де сол шараға қатысып, өз мұң-мұқтажымды айтуға ниеттенген едім. Алайда сол сәтте қан қысымым көтеріліп, есімнен танып құлап қалдым. Мұндай жағдай бұған дейін де талай мәрте орын алған. Сондай кездерде жедел жәрдем дәрігерлері қалалық ауруханаға алып барғанымен, ондағылар: «Сіздің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруыңыз төленбеген, сондықтан көмек көрсете алмаймыз», – деп қайтарып жіберетін. Соңғы жағдайдан соң қалалық прокуратураның мамандары Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына жетпей тұрған қаржыны аударуға, ауруханаға жатып ем алуыма жәрдемдесіп, азық-түлік себеттерін де сыйға тартты. Осы орайда Тараз қаласының прокуроры Жамбыл Сматов пен оның ұжымына шексіз алғысымызды білдіргім келеді. Еңбектеріңіз жанып, мерейлеріңіз әрдайым үстем болсын!

Саодат Абдуллаева,
Тараз қаласының тұрғыны

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.