Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тараз қаласының жергілікті атқарушы органдарымен 2022 жылдың ІV тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есебі

0 209

Тараз қаласы әкімі аппаратының АХАТ бөлімшесі, әкім аппараты, жұмыспен қамту орталығы және 7 әкімдік бөлімдерімен 2022 жылдың ІV тоқсанында мемлекеттік тізілімге сәйкес, мемлекеттік қызметтердің 60 түрі бойынша барлығы 24 705 қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:
– Мемлекеттік корпорация арқылы – 8 893 (36 %);
– Қағаз түрінде – 271 (1%);
– «Электрондық үкімет» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы (электронды түрде) – 15 541 (63%).
Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізді түрде бас тартулар саны – 1 487. Аталған бас тартулардың негізгі себептері: қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы және құжаттарды дұрыс толтырмауы.
2022 жыл басынан мерзім бұзу фактілері орын алмады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағымдар тіркелмеді.
2022 жылдың ІV тоқсанында көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысандағы ақпаратпен хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында бөлімдермен 305 іс-шара ұйымдастырылып (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер), 1 200 000 халық қамтылды.
Мемлекеттік көрсетілетін қыз- меттер сапасына ішкі бақылау жүргізудің 2022 жылға арналған жоспарына сәйкес, ІV тоқсанда әкімдіктің 1 бөлімінде, атап айтқанда, Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде 2022 жылдың 14-25 қарашасы аралығында ішкі бақылау іс-шаралары жүргізілді.
2022 жылдың ІV тоқсанында Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің 5 қызметкері Мемлекеттік қызмет академиясының мемлекеттік қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

М.Молдағалиева,
Тараз қаласы әкімі
аппараты мемлекеттік көрсетілетін қызметті
мониторингілеу
бөлімшесінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.