Жамбылдағы шекара бекетінде қаза тапқан сарбаз өліміне қатысты деректерді жария еткен адвокат Сержан Пралиев жауапқа тартылуы мүмкін.
«20 қаңтарда заңгер С.Пралиев әскерге шақырылушының өз-өзіне қол жұмсау фактісіне қатысты қылмыстық іс бойынша баспасөз мәслихатын өткізді. Пралиев өз тұжырымдары мен шындыққа сәйкес келмейтін жорамалдарын қосып, қылмыстық істің деректерін жария етті.
Сонымен бірге ҚПК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жариялауға жатпайды.
Осыған байланысты адвокаттың қызметтік этика нормаларын бұзу фактісі бойынша материалдар қылмыстық қудалау органында белгіленген тәртіппен тіркеліп, уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне қызметтік тергеу жүргізу үшін жолданды», – делінген ресми хабарламада.