Ағымдағы жылдың басынан бері Жамбыл облысының полиция қызметкерлері әртүрлі калибрлі 18 бірлік қару мен 900-ден астам оқ-дәрілерді тәркіледі.
Тәркіленген қарулардың арасында «АК-74» маркалы автомат, «АКС-74У» автоматы, «Benelli Argo 30-06» маркалы мылтық, «ПМ» тапаншасы, «Mossberg» қаруы, «ТОЗ-16» қаруы, «ИЖ» 16 калибрлі қаруы, «Reg agent» револьвері, «Бекас-2» маркалы бір оқпанды тегіс ұңғылы мылтық, газ тапаншасы, «Байкал» маркалы травматикалық тапанша, «МР-79-9тм» газ-травматикалық тапанша, екі тегіс ұңғылы аңшылық мылтығы, жарық-шулы гранатасы, тапанша оқжатарлары және әртүрлі калибрлі 901 оқ-дәрі бар.
Сондай-ақ оқиға орнынан 1 дана «Mossberg» қаруы, 2 дана «ТОЗ-16» калибрлі, 1 дана «ИЖ» 16 калибрлі, 1 дана «ТОЗ» 16 калибрлі, 1 дана «ПБ-4» 1 мл калибрлі 18х45, 1 дана Револьвер «Reg agent» кл 9 мм атыс қарулары және 2 дана жасауратқыш дыбыстық гранаталары, 308 дана оқ-дәрілер табылды. Оған қоса өткен жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде Жамбыл облысы Полиция департаментінен ұрланған 1 дана 9 мм «ПМ» тапаншасы табылып, алынды.
Сондай-ақ «102» желісіне Тараздың 41 жастағы тұрғынынан үй маңындағы электр бағанының жанынан оқ-дәрілері бар сөмке тапқаны туралы хабарлама келіп түсті. Шақыруға келген полиция қызметкерлері аталған сөмкенің ішінен 7,62 мм калибрлі 509 оқ-дәріні анықтады. Барлық қару-жарақ пен оқ-дәрілер сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді.
Құрмаш Қаптағай