Тараз қаласы аумағындағы «Қапал» каналында күннің суығына байланысты мұз қату жағдайы орын алуда. Осы орайда, «Жамбыл Су», «Жасыл Ел-Тараз» «Таразтрансэнерго» мекемелері, Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері тарапынан аталған орында су басу қаупін болдырмау үшін алдын алу жұмыстарын іске асыруда. Алдын алу шараларына жалпы 30 қызметкер мен 5 техника жұмылдырылды.
Бүгін күндізден басталған жұмысқа түнгі кезекшілік бригадалары қосымша жұмылдырылады.
Аталған жұмыс қала әкімі Бақытжан Орынбековтің тікелей бақылауында.