Қалалық қоғамдық-саяси газет

Парасатты қоғам – тәуелсіздік тірегі

0 481

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қоғам өкілдерінің қатысуымен «Парасатты қоғам – тәуелсіздік тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.
Аталған іс-шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департамент өкілдері, Департамент жанынан құрылған «Мемлекеттік қызметкерлер арасынан құрылған спикерлер пулы» және «Жастар арасында парасаттылық мәдениетін ілгерілету мақсатындағы облыстық жас көшбасшылар пулы» мүшелері, азаматтық қоғам белсенділері, жоғары оқу орындарының өкілдері мен белсенді жастар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында Департаменттің Превенция басқармасының басшысы Д.Омаров сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бағытында 2022 жылы Департамент тарапынан атқарылған жұмыстарға тоқталып, 2023 жылы атқарылатын жұмыстардың бағытымен таныстырып өтті. Сонымен қатар, Жамбыл облысының жемқорлық тәуекелдері картасына енгізілген мәселелер талқыға салынып, қатысушылар тарапынан бірқатар ұсыныстар берілді. Одан бөлек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасынан туындайтын міндеттерді орындау бойынша азаматтық қоғам өкілдерімен бірігіп атқарылатын жұмыстар талқыланды.
Өз кезегінде «Жаңару» жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қозғалысының Жамбыл облысы бойынша жетекшісі Қ.Төлендиев Департамент тарапынан ұйымдастырылатын жұмыстарға қолдау білдіретінін айтып, мәдениет қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жандандырудың маңыздылығын атап өтіп, спикерлер пулына бірқатар белсенді азаматтарды қосу бойынша ұсынысын жеткізді.
Сондай-ақ, дөңгелек үстелге қатысқан Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ү.Битенова, «Анаға тағзым» орталығының директоры Э.Мырза-Ғали, Жамбыл ауданы А.Макаренко атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С.Кусёва, «Қазақстанның болашағы үшін» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі И.Ғабиден және М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы А.Ұлтанбаев қоғам өкілдері мен Департамент арасындағы екі-жақты қарым-қатынасты арттыру, бірлескен тұрақты жұмыстар жүргізу тетіктері бойынша ұсыныстар айтып, қоғамдағы өзекті мәселелерге тоқталып, бірқатар ұсыныстарын жеткізді.
Іс-шара соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді. Өз кезегінде Департамент өкілдері іс-шара барысында айтылған ұсыныстарды бақылауға алып, ұсыныстардан туындайтын өзекті мәселелерді шешу жолдарын қарастырып, қоғам белсенділерімен жүзеге асыратын болады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.