Қалалық қоғамдық-саяси газет

Инженерлік инфрақұрылымға зиян келтіргендер айыппұл арқалайды

0 495
«Жамбыл су» мемлекеттік мекемесі инфрақұрылымдардың қауіпсіздігін ұдайы жіті бақылауда ұстап келеді. Десе де бұған салғырт қарайтын тұрғындар аз емес.
Айталық, жақында «Бурыл» алқабы, Шакиров көшесіндегі 46-үйді кезекші мамандар тексеру барысында, үй иесінің өз бетінше септик қазып, Д-25мм полиэтилен су құбырын үзіп жібергені анықталды. Салдарынан Шакиров көшесіндегі №44, 46, 48- ші үйлердің суы бір жарым сағаттай өшкен.
Көршілерінің шағымы бойынша аталған үйдің иесі үзілген құбырды қайта жалғап, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген.
Осы жайтқа байланысты «Жамбыл су» мекемесінің өндірістік техникалық бөлімінің маманы заң аясында акт толтырып, өз бетінше септик қазған тұрғынға бұзылған су құбырының қызмет құнымен қоса есептегенде 20 956 теңге айыппұл салды.
Құрметті қала тұрғындары!
Өзіңіз тұратын көшеде коммуникация мен инфрақұрылым желілеріне өз бетінше құрылыс жұмыстарын жүргізуге тиым салынады. Сондықтан мұндай жұмыстар бойынша арнайы мамандарға жүгінген жөн.
____
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.