Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қаңтар оқиғасында тәркіленген қару-жарақтар көрмеге қойылды

0 1  379

Мәжілісте қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде табылған қару-жарақтар көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеге қаңтар оқиғасына қатысушылардан тәркіленген 172 бірлік түрлі қару-жарақ арнайы әкелінді.

«Қазір тәртіп сақшылары 4 мыңнан астам қаруды тапты. Олардың басым бөлігі жедел-іздестіру шаралары барысында табылды. Полиция қызметкерлері 200-ден астам қойманы залалсыздандырды. Ұрланған қарудың басым бөлігі Тараз бен Талдықорған қалаларынан табылған. Азаматтық қарудың басым бөлігі табылды. Өкінішке қарай, 1900-ге жуық қызметтік және азаматтық қару әлі табылған жоқ», деді журналистерге ҚР ІІМ Тергеу басқармасының бастығы Санжар Әділов.

Қаңтар оқиғасы кезінде ішкі істер органдарының үш мыңнан астам қызметкері әртүрлі дене жарақаттарын алды, 58 тәртіп сақшысы ауыр жарақат алды, 111 қызметкер пышақ жарақатын алған еді.

egemen.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.