Қалалық қоғамдық-саяси газет

15-ші шағын ауданның мәселелері назардан тыс қалмайды

0 297

Қаладағы құрылысы жүріп жатқан 15-ші шағын аудан тұрғындарының талап-тілектері шаһар басшылығының назарынан тыс қалған емес. Түрлі кездесулер мен жиындарда көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Жамбылдық журналистермен кездесу барысында аталған жайтқа тоқталған қала әкімі Бақытжан Орынбеков жаңа ауданда істеліп жатқан жұмыстарды шолып өтті.

Бақытжан Әмірбекұлының айтуынша, 15-ші шағын ауданда келер жылы 3,1 млрд. теңгеге 1 200 орындық, 2024 жылы 8,5 млрд. теңгеге 2 мың орындық және 5,9 млрд. теңгеге 1 200 орындық мектептердің құрылысы басталады екен. Сонымен қатар, 2025 жылға дейін оқушылар сарайы бой көтермек. Бұдан бөлек, алдағы жылы – 1, 2024 жылы 2 балабақшаның кірпіші қаланады. 2024 жылы шағын ауданында емхана құрылысын бастау да көзделіп отырған көрінеді.

2023-2024 жылдар ішінде 15-ші шағын ауданда қалада құрылысы басталатын әлеуметтік бейімдеу орталығының бірінің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Осы жылы еңселі спорт кешенінін салу жұмыстары да бастау алып, №33, 34, 35 үйлерінің ауласында заманауи шағын футбол алаңы ашылады. Дәл осындай нысан 2025 жылы №22 үйдің ауласында да тапсырылады.

Сондай-ақ алдағы ауданға газ және электр желілерін тарту жұмыстары жалғасын тауып, көптен күткен көше жолдарының мәселесі шешіледі. Атап айтқанда, Көшек батыр көшесі шағын аудан аумағы арқылы жалғасын тауып, Шайқорық ауылына дейін созылады, – деді шаһар басшысы сөзінде.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.