Қалалық қоғамдық-саяси газет

Оқушылар игілігі үшін

0 252

Қаладағы №30 мектеп-гимназиясында «Шахмат» және «Коворкинг» орталығы ашылды.

Толғанай АТАБАЙ

Жастардың білім сапасын арттыруға бағытталған игі бастамаға білім ордасының ұжымы демеушілік еткен. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында ашылған орталықтың басты мақсаты оқушылардың жан дүниесін байыту, тілдік қорын арттыру, бос уақытын тиімді пайдалану және шахмат ойындары арқылы жас буынның ойлау қабілетін арттыру болып табылады.

– «Кітап – білім қазынасы» дейтін болсақ, бүгінде кітапқұмар жастар азайып бара жатқаны жасырын емес. Оған басты себеп – кітапханалардың заман ағымынан кенжелеп қалуы. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында қос орталықты ашуды жөн көрдік. Гимназия ұжымы балаларға білім мен тәрбие беру арқылы олардың рухани өсуіне жағдай жасап, өз демеушіліктерімен мектеп дәліздерін әртүрлі орталықтарға айналдыруда, – дейді №30 мектеп-гимназиясының директоры Рахия Есеева.

Заманауи қос орталықты қалалық білім бөлімінің басшысы Мүбарак Жинақбаева салтанатты түрде ашып, оңды іске ұйытқы болған ұстаздарға алғыс айтты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.