Қалалық қоғамдық-саяси газет

Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

0 2  062

Қазақстандық теннисші Рыбакина Дубайдағы турнирде қатарынан төрт рет жеңді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Дубайда өткен World Tennis League турнирінің финалында WTA рейтингіндегі әлемнің бірінші ракеткасы поляк Ига Швентекті 6:3, 6:1 есебімен жеңді.

Ига – Билли жан Кинг кубогының біліктілігі бойынша қарсыластарымыздың көшбасшысы. Қазақстан мен Польша командалары арасындағы матчтар 2023 жылғы 14-15 сәуірде Астанада өтеді.

Рыбакина ойнайтын «Хоукс» командасы «Кайтс» командасын 11:4 есебімен басып озды.

Рыбакина БАӘ турнирінде барлық матчтарда жеңіске жетті. Бірінші әлемнің бесінші ракеткасы Арина Соболенконы 0:6, 6:1, 10:6 есебімен жеңді, Содан кейін Зверевпен жұптасып, Оже-Альяссима мен Саня Мирзаны 7:5, 3:6, 10:5 есебімен ұтты. Ал бір күн бұрын әлемнің төртінші ракеткасы Каролин Гарсияны 7:5, 6: 1 басып озды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.