Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Қуырдақ жасаймыз»: Қызылорда облысында аққуды аяусыз өлтірген азамат табылды

0 399

Қызылорда облысында аққуды аяусыз өлтірген ер адам табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Аққуды өлтірген аудан тұрғынының аты-жөні анықталды. 22 желтоқсанда әлеуметтік желіде жарияланған видеоға сүйене отырып, Қызылорда облысының полиция департаменті жан-жақты тексеру жүргізіп жатыр. Бұл факті желіде жарияланғанға дейін полицияға ешкім хабарлаған жоқ”, – деп мәлімдеді полиция басқармасының өкілдері.

Желі қолданушыларын ашуландырған ер адам анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Ол 26 жаста, Сырдария ауданының тұрғыны. Ол аққуды 2013 жылы күріш каналының жағасында балық аулап жүріп өлтіргені белгілі болды.

«Тексеру нәтижесі бойынша жеткізілген адамның әрекетіне құқықтық баға беріліп, тиісті шешім шығарылады», – деп қосты полицейлер.

Еске салайық, әлеуметтік желіде Қызылорда облысының тұрғыны аққуды өлтіріп, жасаған әрекетіне мақтанған видеосы тарап кеткен. Әлеуметтік желі қолданушылары оның теріс әрекетіне наразы болды.

Ер адам аққуға айыр қадап алған. Видеода оның кешке “аққудан қуырдақ” жейміз деп айқтанын да байқауға болады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.