Қалалық қоғамдық-саяси газет

Екібастұздықтардың бүлінген пәтерлерді қалпына келтіру жұмысына көңілі толмады

0 291

Екібастұзда апат кезінде бүлінген 50 пәтерді қалпына келтіру жұмыстары басталды. Алайда жөндеу жүргізу жұмысы тұрғындардың көңілінен шықпай отыр деп хабарлады turkystan.kz Астана арнасына сілтеме жасап.

Себебі астаң кестеңі шыққан үйді жөндеп беруі тиіс жылу орталығы қажетті материалдарымыз жоқ – деген сылтаумен қарапайым халықты сандалтып қойған. Тұрғындар жарамсыз болып қалған пәтерлерін кім жөндеп берерін білмей дал болып жүр.

Гүлнәр Ниязбаева – жалғыз басты ана. Осыдан бірнеше жыл бұрын үйіне күрделі жөндеу жүргізіпті. Алайда, апат кезінде барлық батареялары жарылып қалған. Салдарынан еткен еңбегі зая кетіпті. Ал үйін жөндеп беруі тиіс жылу орталығынан хабар жоқ.

«Келіп атыр ТЭЦ-тан көмек сұрадық-сұрадық міне келді түк істеп жатқан жоқ әлі. Материалымыз жоқ дейді, анауымыз жоқ тосып жатырмыз мынау жоқ. Хоть мынаны еріктілер келіп істеп кетті міне. Ана жер дала көрініп жатты ғой менде. Әкімдікке бүгін бардым, әкімдік оның алдында жазғанмын екі рет. Әлі келген жоқ», – дейді Екібастұз қаласының тұрғыны Гүлнәр Ниязбаева.

Екібастұзда апат кезінде 50 пәтер бүлінген. Келтірілген шығынды жылу орталығы қалпына келтіруге міндеттелді. Мекеме басшысы барлығын жөндеп жатырмыз, деп тұрғындардың сөзін жоққа шығарып отыр.

«Қазіргі кезде апаттан көп зақым келген 50-ден аса пәтерлерге жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Алғашқы он пәтердің жөндеуін осы аптаның соңында аяқтаймыз. Ары қарай жұмыстар жалғасады. Қажетті құрылыс материалдары толықтай жеткілікті», – дейді «Павлодарэнерго» АҚ бас директорының міндетін атқарушы Вадим Лесин.

Екібастұзда қазір барлық үйге жылу берілді. Десе де, тұрғындар пәтерлерінің әлі жылынбай отырғанына қапалы. Ал жөндеу жұмыстары созбалаңға салынып кете ме – деп алаңдайды. Өйткені, әкімдік пен жылу орталығы бір-біріне сілтеп, тұрғындарды сандалтып қойған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.