Қалалық қоғамдық-саяси газет

COVID-19: Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны – 182 адам

0 199

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2022 жылғы 19 желтоқсандағы эпидемиялогиялық жағдай туралы мәлімет таратты, деп хабарлайды Экспресс К.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 182 жағдай тіркелді. Бір күн бұрын 139 адам індетке шалдыққан еді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 400 409 жетті.

20 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2 162 адам коронавирус инфекциясынан (–2 061+ және 101 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 339 пациент стационарда, 1 823 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 17 адамның жағдайы ауыр,
  • 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, пандемия басталғалы бері ПТР сынамасы (КВИ+) расталған коронавирус инфекциясынан 13 694 адам қайтыс болды.

2022 жылғы 20.12 мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 10 854 095 адам вакцина салдырды, II компонентпен 10 618 473 адам. Ревакцинацияланды — 5 704 725

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.