Қалалық қоғамдық-саяси газет

Есірткі сақтаған күдікті ұсталды

0 1  145

Жамбыл облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 43 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Жеке тінту барысында оның күртесінің ішкі қалтасынан салмағы 384,05 грамм «гашиш» есірткі заты бар оралған 5 полиэтилен табылды. Сондай-ақ ұсталған адамның тұрғылықты жері бойынша үйдің ауласында орналасқан темір шкафта салмағы 616,47 грамм «гашиш» есірткі заты бар 8 бума табылды.
«Тәркіленген есірткі құралының жалпы салмағы – 1 келі 52 грамм. Осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі бойынша «Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», – дейді Жамбыл облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.
Ұсталған адам кінәсін толық мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Осы қылмысты жасаған адамға 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.