Қалалық қоғамдық-саяси газет

COVID-19: Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны – 148 адам

0 1  746

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2022 жылғы 12 желтоқсандағы эпидемиялогиялық жағдай туралы мәлімет таратты, деп хабарлайды Экспресс К.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 148 жағдай тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 398 810 жетті.

11 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 1 855 адам коронавирус инфекциясынан (–1 662+ және 193 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 263 пациент стационарда, 1 592 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 9 адамның жағдайы ауыр,
  • 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, пандемия басталғалы бері ПТР сынамасы (КВИ+) расталған коронавирус инфекциясынан 13 694 адам қайтыс болды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.