Қалалық қоғамдық-саяси газет

COVID-19: Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны – 162 адам

0 1  846

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2022 жылғы 1 желтоқсандағы эпидемиялогиялық жағдай туралы мәлімет таратты, деп хабарлайды Экспресс К.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 162 жағдай тіркелді. Бір күн бұрын 167 адам індетке шалдыққан еді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 397 084 жетті.

2 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 1 205 адам коронавирус инфекциясынан (–1 023+ және 182 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 172 пациент стационарда, 1 033 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 8 адамның жағдайы ауыр,
  • 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, пандемия басталғалы бері ПТР сынамасы (КВИ+) расталған коронавирус инфекциясынан 13 693 адам қайтыс болды.

2022 жылғы 2.12 мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 10 848 224 адам вакцина салдырды, II компонентпен 10 613 150 адам. Ревакцинацияланды — 5 666 112

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.