Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мектеп директорлары жаңа тәсілмен тағайындалады – Аймағамбетов

0 613

Енді Қазақстанда мектеп директорлары білім ордасының құрылысы басталған сәтте-ақ тағайындалады. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов директордың тек мектепті басқарып қана қоймай, құрылыс барысын бақылап, өзі бас-көз болуы керектігін мәлімдеді. Сондай-ақ алдын ала мұғалімдерді жинап, менеджмент және көшбасшылық бойынша арнайы курстар өткізеді деп хабаралады turkystan.kz 31-арнаның «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап. 

Алдағы екі жылда Қазақстанда 842 мың оқушыға мектеп салу үшін республикалық бюджеттен 2,6 триллион теңге бөлінген. Сонымен қатар соңғы 3 жылдың ішінде мұғалімдер саны 1 миллионға өсіп, бүгінде 3 миллион 700 мыңға жеткен. Дегенмен, Аймағамбетовтің сөзінше, жаңа жайлы мектептерге 40 мыңға жуық педагог қажет екен. Оның бір бөлігі қазіргі 3 ауысымды мектептерден баратын ұстаздар болмақ. Бұдан бөлек, жемқорлардан алынып, арнайы қорға құйылып жатқан қаржыға да келесі жылдан бастап жайлы мектеп салынады.

Тиісті қор құрылады. Ол қордың шеңберінде де жұмыс жүргізіледі. Бұл жұмысты біз қарап отырмыз. Қазір оның ережелері дайындалып жатыр. Келесі жылдан бастап іске асырамыз деп біз дайындық жұмыстарын жүргізіп отырмыз, – деді Асхат Аймағамбетов.

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов бұған дейін айтылып жүрген «жайлы мектеп» жобасының маңызы мен ауқымы жағынан бұрын-соңды болмаған ұлттық жоба екенін атап өтті. Жобаның негізгі 8 артықшылығы бар.

  1. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары мектеп ғимаратының жекелеген блоктарында оқиды. Сәйкесінше, олардың өз оқу кабинеттері, спортзалдары, әжетханалары болады;
  2. Балалардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі. Әр мектепте бейнебақылау, дыбыстық дабыл орнатылады;
  3. Оқушыларға оқу құралдарын, ауыстыратын киімдерін сақтайтын жеке шкафтар берілді. Кітап оқуына, демалуына, шығармашылықпен айналысуына жағдайлар жасалады;
  4. Мектептерде заман талабына сай физика, химия, биология, робототехника сияқты кабинеттер болады және әр кабинетке тиісті экрандар орнатылып, оқушылар интернетке қосыла алады;
  5. Арнайы білімді қажет ететін балалар үшін барлық жағдай жасалады;
  6. Балалардың жас ерекшелігіне байланысты бірнеше спортзал қарастырылады.
  7. Мұғалімдерге де ерекше көңіл бөлінеді. Олардың кабинеттері, кәсіби зоналар, қосымша білім беруге арналған немесе жиын өткізетін залдар, сондай-ақ, әр қабинетте интернетке қосылған жеке компьютерлер болады;
  8. Жайлы мектептер комьюнити орталығының рөлін атқарады. Әсіресе, бұл ауылдық жерлерге қатысты болмақ.

Сонымен қатар мектептер балаларды еңбекке баулу үшін ресурстық орталық қызметін атқарады. Тағы бір айта кетері, «жайлы мектептер» ауылда да, қалада да бір стандартпен салынады. Мектептердің құрылыс жұмыстарымен тек сол мектепке тағайындалатын директорлар ғана емес, еліміздің кез келген азаматы интерактивті карта немесе IP-камера арқылы онлайн режимде бақылап, мектептің тиісті құжаттарымен танысуға мүмкіндік алады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.