Кейбір ересек адамдардың қолынан келмейтін спорттық жатығу жасаған бүлдіршін елді өзіне қаратты. Балабақша жасындағы балақай бір қолымен жер тіреп серпіледі, деп хабарлайды Экспресс К.
Бүлдіршіннің видеосын ТікТок қолданушысы жариялады. Онда бір қолын беліне қайырып алған балақай сол қолымен жерді тіреп, бірнеше рет серпіледі. Кейіннен жұдырықтасу әдістерін жасайды.
Видеоны көрген желі қолданушылары бала күнінен спортқа бейімделіп өсіп келе жатқан бүлдіршін болашақ чемпион боларына сенім білдіріп, сәттілік тіледі.
«Болашақ чемпион», «Бекзат Саттарханов сияқты болсын», «Мықты спортшы шығады», «Тіл-көзден аман болсын», «Керемет, нағыз қазақ батыры», «Әлемді бағындыратын батыр бол», «Алла разы болсын», «Құдай бере салған, үлкен азамат болып өс», «Тамаша», «Ата-анасы құрметке лайық», «Тәтті балапан! Тек алға» деп жазды желі қолданушылары.