Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сапалы білім алуға барлық жағдай жасалуда

0 2  964

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауы Қазақстан халқына бүгінгі билікке деген зор сенім қалыптастырды.

Жолдау аясында үш маңызды тірекке ерекше мән берілгенін аңғардық. Бұлар: күшті Президент, ықпалды Парламент, естуші Үкімет. Осы Жолдауда қаржы көздерін іздеу, оларды тиімді игеру, инвесторлар тарту, сыбайлас жемқорлық мәселелерін шешу және оған жол берген заңды және жеке тұлғалардан өндірілген айыппұлдарды білім беру мақсаттарына бағыттау мәселелері де назардан тыс қалмады. Сондай-ақ ол Еуропа мен Азияны байланыстыратын Қазақстан мемлекетінің географиялық ерекшелігін ұтымды пайдалану қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар ішкі мәселе- лер – азық-түлік бағасы және әйелдердің зейнеткерлік жасының тұрақтылығы, Ұлттық қордан балалардың шоттарына қаржы аударылуы секілді жаңалықтар біздің болашаққа деген сенімімізді нығайта түсері анық. Яғни Қазақстанда балаларға арналған Ұлттық қор пайда болады. Оған жыл сайын Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50 пайызы аударылады. Бұл туралы Мемлекет басшысы өз Жолдауында айтқан болатын.
– Әрбір отбасы еліміз пайдаланып жатқан ұлттық байлықтың игілігін көруі керек. Сондықтан мен жариялаған Балалар жылының аясында «Ұлттық қор – балаларға» атты мүлде жаңа бағдарламаны жүзеге асыру өте маңызды деп санаймын. Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударуды ұсынамын, – деді Президент. Ұлттық қордағы ақша бала кәмелетке толғаннан кейін жинақталған сома тұрғын үй сатып алуға және білім алуға жұмсалатын болады.
Жолдауда жанымызды жылытқан тағы бір баста-ма – білім саласындағы ахуалдың тұрақтылығы мен сапасына аса мән беруі болды. Президент Жолдауда: «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды», – деп атап өтті. Расында, қазіргі дәуірде қай салада болмасын жайлылық – бірінші орында. Әсіресе білім беру саласында әр оқушының жағдайын жасау олардың білім алуға деген ынтасын еселеп, қанаттандыра түседі. Жасыратыны жоқ, ауылды жерде үш ауысыммен оқып, қолайсыз жағдайда білім алып жатқан балалар да жоқ емес. Мемлекет басшысы айтқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы – осы олқылықтардың орнын толтырып, тек оқушылардың ғана емес, қолайсыз жағдайда білім беріп жүрген ұстаздардың, бала қауіпсіздігіне алаңдаулы ата-аналардың уайымын сейілтудің үлкен қадамы. Бұлай толық сеніммен айтуымның себебі, Жолдауда: «Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады», – деп айрықша айтылды. Тағы бір қуанышты жаңалық – әйелдердің зейнет жасы 2028 жылға дейін 61 жаспен шектелетіндігі, аналарға баласы 1,5 жасқа дейін ақылы демалыс беру, балабақша тәрбиешілерінің жалақысын көтеру, 100 000-дай жасты жұмыспен қамту, отандық шикізатты өндіру, еңбек табысын көбейту.
Отанымыздың кемел келешегі болған жастарды қолдау болашағы бекем ел үшін аса маңызды. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіле бермек. Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Бұл шаралар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына ықпал етпек. Бұл дегеніміз еліміздің әлеуметтік және экономикалық мәселелерінің бірқатар түйіні тарқайтынын білдіреді. Президент Әділетті Қазақстанды құру ісі енді ғана басталғанын, алда қиындықтар кездескенімен, бірлігіміздің арқасында жеңіп шығатынымызды, ел келешегі – жастарға жан-жақты қолдау мақсатында еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жас жұмысқа орналастырылатындығын жеткізді. Жалпы Жолдауда айтылған бастамалар қолға алынысымен, ел халқы олардың игілігі мен оң өзгерістерін сезінетіндігіне сенімдімін.
Бүгінгі таңда өзектілігін жоғалтпаған бірқатар мәселелер айтылған Жолдауды ерекше ықыласпен қабылдадық. Мұнда халықтың табыс көзінің артуы, тұрғындардың өмірін жақсартуға бағытталған жақсы жаңалықтар жарияланды. Соның ішінде жастарды жұмыспен қамтамасыз ету, оларға арналған бастамалардың көтерілгені көңіл қуантады. Халықтың ең төменгі табыс көзін 60 мыңнан 70 мың теңгеге көтеру туралы да сөз болды.
Жолдаудың тағы бір өзгешелігі – халықтың Жаңа Қазақстанды құру жолында мемлекет тарапынан ел болып терең әлеуметтік-экономикалық реформалар мен нақты іс-қимылдарға бағытталған бастамаларды асыға күтуі. Қазіргі әлемде қалыптасқан күрделі геосаяси жағдайда ел ешінде тыныштықты сақтау, экономикалық өсімді үнемі қамтамасыз ету мен әлеуметтік қамсыздандыруды естен шығармау тұрақты даму кепілі болып табылатыны сөзсіз. Осы құжаттың жариялануымен ел дамуының шешуші кезеңіне қадам басқан, тәуелсіз еліміздің тұрақты дамитын ел экономикасын құрудағы, денсаулық, білім, ғылым саласындағы негізгі қажетті бастамаларын жүзеге асыру үшін ұзақ мерзімді мақсаттар мен басымдылыққа жету бойынша жасампаз процесс басталды деуге толық негіз бар. Сондықтан да Жолдауда айтылған маңызды міндеттер, оларды жүзеге асыру түрлі салада қызмет ететін қазақстандықтар үшін басты назарда болуы керек.

Мөлдір Утепова,
№46 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.