Қалалық қоғамдық-саяси газет

Конго-Қырым безгегі

0 1  238

Конго-Қырым геморрагиялық безгек (онан әрі – КҚГБ), түрлі вирусты геморрагиялық безгектің тұтануын шақырады. Конго-Қырым геморрагиялық безгек тұтануы кезіндегі қазалы (летальный) коэффициент 40 пайызға жетеді.

Вирус адамдарға көбінесе кенеден және үй жануарларынан жұғады. Инфекцияның адамнан адамға жұғуы ауру адамның қанымен, нәжісімен, ағзасының басқа да сұйықтықтарымен тығыз қарым-қатынаста болғанда ғана мүмкін.
Инфекцияға қарсы адамға және жануарға арналған вакцина жоқ. Конго-Қырым геморрагиялық безгек, (Nairovirus) вирусты кене арқылы кең таралатын ауру.

Инфекцияның жұғу түрі

КҚГБ вирусы кене шаққанда және малды сою кезінде немесе сойғаннан кейін инфекцияланған қанмен, жануар ұлпасымен қарым-қатынаста болғанда жұғады. Ауруды жұқтырушылардың көпшілігі ауыл шаруашылығында мал союмен және оны емдеумен айналысатын адамдар.
Аурудың адамнан адамға берілуі инфекцияланған қанмен, сары сумен, мүшелермен және басқа да сұйықтықтармен жақын қарым-қатынаста болғанда іске асады. Мұнан басқа медициналық жабдықтарды, материалдарды тиісінше стирильденбеген жағдайда және инені екінші рет қолданған кезде таралуы мүмкін.

Аурудың белгілері мен нышандары

Аурудың белгілері: дене температурасының кенет көтерілуі, бұлшықеттің ауыруы, бас айналу, мойын тұсының ауыруы, бел және омыртқаның ауыруы, бас ауыруы, көздің қабынуы. Мұнан бөлек, лоқсу, құсу, тышқақтау, тамақ пен қарын тұсының ауыруы, көңіл-күйдің жылдам ауысуы мен сананың шатасуы. Екі-төрт күннен кейін аурудың қозуы ұйқышылдыққа, жан күйзелісі мен қажығандыққа, ал қарын тұсындағы ауру жоғары оң жаққа қарай оқшауланып, бауырдың ісінуіне алып келеді. Басқа да клиникалық белгілері: жүрек соғысының жиілеуі, лимфа тамырларының ұлғаюы, шырышты қабықтан (ауыз қуысы мен тамақ), теріден қан кету әсерінен бөртпе пайда болуы.
КҚГБ болатын өлім коэффициенті шамамен 30 пайызды құрайды, оның үстіне өлім аурудың екінші аптасына келеді.

Адамның инфекцияға шалдығу қаупін төмендету

КҚГБ вирусына қарсы вакцина тышқан миының ұлпасынан алынып, аз көлемде Шығыс Еуропада қолданыс тапқан, бірақ қазіргі уақытта жалпы халыққа қолдануға болатындай қауіпсіз әрі тиімді вакцина жоқ.
Вакцина жоқ кезде жалғыз ақ жол, ол адамдарды вирус инфекциясынан сақтану жолдарымен хабарландыру.

Вирустың адамға кенеден жұғу қаупін азайту:
• қорғаныс киімін кию (жеңі ұзын көйлек, балағы ұзын шалбар);
• кенені оңай анықтау мақсатында ашық түсті киім кию;
• қолдануға рұқсат етілген акациттерді (кенені жоюға арналған химиялық заттар) киімге пайдалану;
• қолдануға рұқсат етілген репеллентерді теріге және киімге қолдану.

Медициналық мекемелерде инфекциямен күресу

КҚГБ ауруы болжанған немесе анықталған емделушілермен медицина қызметкерлері байланысқа барғанда және үлгілермен жұмыс істегенде инфекциялық бақылаудың стандартты шараларын сақтауы тиіс. Олар қол тазалығы, жеке бас қорғаныс құралдарын қолдану, ине егу мен жерлеудің қауіпсіз тәсілдерінен тұрады.
Сақтық шараларының бірі ретінде медицина қызметкерлері емделушіні КҚГБ таралған аймақтан аулақ жерде емдеуі және инфекциялық бақылаудың стандартты шараларын сақталуын қадағалауы тиіс.
КҚГБ ауруы болжанған адамдардан үлгілерді арнайы жабдықтармен жабдықталған лабораториясы бар, дайындықтан өткен қызметкерлер алуы тиіс.

Б.Д.Қалдықұлова,
Тараз қалалық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бас маманы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.