Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мемлекеттік БАЖ төлеуден кімдер босатылады?

0 420

Салық кодексі 622-бабының 4-тармағына сәйкес, паспорт, жеке куәлік, тұру ықтиярхаты және азаматтығы жоқ адамның куәлігін беру бойынша мемлекеттік баж төлеуден босатылатындар:

• ҰОС ардагерлері және оларға теңестірілген тұлғалар;
• Кеңес Одағының Батырлары және Социалистік Еңбек Ерлері;
• барлық топтағы мүгедектер, сондай-ақ мүгедек баланың ата-анасының бірі;
• мүгедектер мен қарттарға арналған мекемелерде тұратын егде жастағы адамдар;
• жетім балалар және балалар үйінде немесе интернаттарда тұратын, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
«Батыр Ана» атағына ие болған, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерімен наградталған көпбалалы аналар;
• Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар.

А.Искаков, Тараз қалалық №3 халыққа қызмет көрсету бойынша бөлімінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.