Қалалық қоғамдық-саяси газет

Адам шығыны азайып келеді

0 140

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі үстіміздегі жылдың 9 айында атқарған жұмыстарын қорытындылады. Жиынға департамент бастығы, полковник Ермек Момбаев, басқарма аппаратының қызметкерлері мен қалалық өрт сөндіру бөлімдерінің басшылық құрамы, сондай-ақ аудандық өрт сөндіру бөлімдері мен бекеттерінің бастықтары қатысты.

Басқосуда өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары, а з а м а т т ы қ қ о р ғ ау м а й о р ы Жақсылық Бекбергенов баяндама жасап, жыл басынан бері істелген жұмыстарға кеңінен тоқталды. Жақсылық Жарылқасынұлының айтуы бойынша, 9 айда өрт сөндіру қызметінің бөлімшелері дабыл бойынша 2 440 шақыруға шыққан. Өткен жылы бұл көрсеткіш 2 098-ді құраған.

– 2 440 шақырудың 557-сі өрт оқиғалары. Аталмыш деректер өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15,4 пайызға өскен. Бұдан бөлек, авариялық- құтқару жұмыстарына – 220, жану оқиғаларына – 1 604, расталмаған жану фактілері бойынша 59 рет шақырту алған. Бір қуанары, биыл жалған хабарламалар тіркелмеді.

Өрт сөндіру және авариялық- құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде 259 адам құтқарылып, 563 азамат қауіпсіз орынға көшірілген. Зардап шеккен 54 адамға дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетілді. Өрттің қауіпті факторларынан әр түрлі дәрежедегі жарақат алғандар саны 6 адамды құрап, 4 тұрғын қаза тапты. Бұл ретте де адам шығынының өткен жылдағымен салыстырғанда әлдеқайда азайғанын айтып өту керек, – деді азаматтық қорғау майоры.

Жалпы өрттен келтірілген материалдық шығын 94 миллион 641 мың 550 теңгені құраған. Сондай-ақ жыл басынан бері 9 ай ішінде 35 өрт-тактикалық оқу-жаттығуы, 244 өрт-тактикалық сабағы өткізілген.

Содан соң сөз алған департаменттің кадр саясаты бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Айгүл Бақытжанқызы мекемеде жыл басынан сыбайлас жемқорлық мәселелерінің алдын алу бойынша 3 «дөңгелек үстел» отырысы өткізіліп, 257 қызметкер әкімшілік жауапкершілікке, 43 қызметкер т ә р т і п т і к ж ау а п ке р ш і л і к ке тартылғанын айтты.

– Өрт сөндіру бөлімшелерінің басшылығы жеке құрамның тәртіпті сақтауына, моральдық және психологиялық тұрақтылығына баса мән беріп, үнемі бақылауда ұстап отырғанын атап өткен жөн. Ол жөнінде тәрбиелік мәндегі тиісті шаралар атқарылады, – деді кадр саясаты бөлімінің бастығы.

Келесі кезекте баяндама жасаған қызмет бастығының орынбасары Юрий Салагаев Жедел-құтқару жасағының атқарған жұмыстарына кеңінен тоқталып, жоспар бойынша жүзеге асуы тиіс мәселелерді ортаға салды.

Басқосу барысында департамент бастығы, полковник Ермек Момбаев қызметтің 9 айда атқарған жұмыстарына көңілі толатындығын білдіріп, одан әрі де осы қарқыннан таймай, заң шеңбері аясында халықты өрт және өзге де түрлі сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жолында белсенді қызмет ете берулеріне тілектестігін білдірді.

Жиын соңында с алада 25 жылдан астам қызмет атқарған, Кезекшілік өрт сөндіру қызметінің жедел кезекшісі Арман Сартаевқа «азаматтық қорғау подполковнигі» шені табысталып, қызметіне табыс тіледі.

Лаура АБАЙҚЫЗЫ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.