Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ұялы телефонды қолды қылғандар қамауға алынды

0 113

Жамбылдық полицейлер моншада құны 600 мың теңге көлеміндегі ұялы телефонды ұрлаған күдіктіні ұстады.

2022 жылғы 24 қазанда полиция бөліміне Тараздың мөлтекауданындағы моншадан ұялы телефондарды ұрлау туралы шақыру келіп түсті. Қылмыс орнына келген полиция қызметкерлері сағат 22:30-да белгісіз адам киім ауыстыратын бөлмедегі екі шкафтан жалпы құны 555 000 теңге тұратын үш телефонды ұрлап кеткенін анықтады. Осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Тараз қ. ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол Жуалы ауданының 25 жастағы тұрғыны болып шықты, сол күні моншада жәбірленушілермен бірге шомылған, телефондарын шкафқа салғанын көрген. Ер адам өз кінәсін толығымен мойындады және ұрлыққа жеке қажеттіліктері үшін ақша керек болғандықтан барғанын айтқан. Ұялы телефондар иелеріне қайтарылды, тергеу амалдары жүргізілуде.

Дайындаған Құрмаш ҚАПТАҒАЙ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.