Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жедел басқару орталығының жұмысы жүйелі

0 133

Жуырда облысымызға жұмыс сапарымен келген ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары, полиция генерал-лейтенанты Қайрат Сөнтаев алдымен қалалық полиция басқармасының жаңартылған Жедел басқару орталығына ат басын бұрды. Ол ішкі істер органдарын цифрландырудың негізгі бағыттарымен, оның ішінде «Кілем жабыны» (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт ұйымдарының бейнебақылау жүйесі), «Үздіксіз бейнебақылау», «Қауіпсіз аула» жобасымен танысты.

Азаматтардың қауіпсіздігін және қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету мақсатында орталықта тәулік бойы қала көшелерінде, аудандарда, облыстық және республикалық маңызы бар тас жолдарда орнатылған барлық бейнебақылау камераларынан ақпарат талданады, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыс жүргізіледі. О б л ы с бойынша Жедел басқару орталығына барлығы 2846 бейнебақылау камерасы шығарылса, оның 210-ы облыс орталығының аумағында, 2280 «Қазақтелеком» АҚ «Бұлтты бейнебақылау» камерасы және басқалары орнатылған. – «Орталықты қалпына келтіру» жобасы бойынша бүгінгі күні бейнебақылау жүйесінің серверіне 210 бейнебақылау камерасы қалпына келтіріліп, қосылды, қосымша қоғамдық қауіпсіздікті талдау функциясы бар 100 камера орнатылып, ЖБОның жедел залына шығарылды, 54 бейне панельден тұратын жіксіз бейнебақылау қабырғасы, сондай-ақ аппараттық-бағдарламалық кешендерге жауапты серверлік жабдық орнатылды, – деп атап өтті облыстық полиция департаментінің Ақпараттандыру және байланыс басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Еркін Сақыбаев. «Қауіпсіз қала» жобасы бойынша мемлекеттік-жеке серіктестік аясында қала аумағында 1250 бейнебақылау камерасы орнатылып, іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қаланың жалпы орта білім беретін мектептерінің бейнебақылау жүйесін Жедел басқару орталығының бейне қабырғасына шығару жобасы іске асырылуда. Бұл техникалық бағдарлама қоғамдық қауіпсіздікті жақсарту үшін орнатылған және оқу орындарының аумағындағы жағдайды бақылауды жүзеге асырады. Бүгінгі таңда облыстың барлық 443 мектебі мен 438 мектепке дейінгі мекемесі бейнекамералармен қамтамасыз етіліп, олардың бейнелерін орталыққа шығару бойынша жұмыстар жүргізілуде екен. Министрдің орынбасары орталық заманауи материалдық-техникалық құрылғылармен жабдықталғанын және қызметкерлердің тиімді жұмысына ерекше назар аударды. Себебі сыртқы бақылау камераларының көмегімен көшелер мен қоғамдық орындарда жасалған құқық бұзушылықтардың шамамен 70 пайызы ізі суымай ашылуда.

Жұматай КӨКСУБАЙ

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.