Қалалық қоғамдық-саяси газет

COVID-19: Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны қайта өсті

0 419

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2022 жылғы 21 қарашадағы эпидемиялогиялық жағдай туралы мәлімет таратты, деп хабарлайды Экспресс К.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 56 жағдай тіркелді. Бір күн бұрын 38 адам індетке шалдыққан еді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 395 857 жетті.

21 қарашадағы мәлімет бойынша, 743 адам коронавирус инфекциясынан (–590+ және 153 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 118 пациент стационарда, 625 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 7 адамның жағдайы ауыр,
  • 5 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, пандемия басталғалы бері ПТР сынамасы (КВИ+) расталған коронавирус инфекциясынан 13 693 адам қайтыс болды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.