Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Жамбылполитех»-қа жарылғыш зат қойылғаны жалған болып шықты

0 273

Бүгін «Жамбыл политехникалық жоғары колледжіне жарылғыш зат қойылды» деген ақпар халықтың үрейін алды. Оқу орнын тәртіп сақшылары қоршауға алғанын естіген ата-аналар балаларының амандығын білуге асықты. Алайда арнайы мамандардың тексерісінен кейін білім ордасынан жарылғыш зат табылмады. Бұл жөнінде облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі ресми мәлімдеді.

«Ағымдағы жылдың 21 қарашасында Тараз қаласы  Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына Жамбыл политехникалық колледжінен Тараз қаласының Төле би даңғылы мен Домалақ ана көшесіндегі оқу орнының барлық корпустарына жарылғыш заттар қойылғаны және 1 сағатта жарылатыны туралы telegram парақшасына белгісіз абоненттен хат түскендігі туралы хабарлама келген.

Шақырту орнына жедел түрде Полиция департаментінің 22 автоэкипажы, 100 полиция қызметкері, арнайы саперлер мен кинолог мамандары, Төтенше жағдай және жедел жәрдем қызметі жұмылдырылды.

Колледж қызметкерлері мен студенттер және басқа да азаматтар қауіпсіз жерге көшірілді.

Тексеру жұмыстарының нәтижесінде жарылғыш зат анықталған жоқ.

Полиция қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабымен (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) тергеп-тексеру амалдары басталды», – делінген ресми хабарламада.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.