Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның бірқатар азаматын мемлекеттік наргадамен марапаттау туралы Жарлығы шықты деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы
2022 жылғы 21 қараша
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы табиғи өрт кезінде зардап шеккендерге арналған тұрғын үйлерді салуға белсенді қатысқаны үшін наградталсын:
«Құрмет» орденімен
Ибраимов Дәулет Дулатұлы – «Строй Элит Дом» ЖШС байқаушы кеңесінің төрағасы;
Қарамакин Бауыржан Сәбитұлы – «СК КВS» ЖШС директоры;
Орымбаев Нұрлан Бахытжанұлы – «Рудныйсоколовстрой» АҚ бас директоры;
III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен
Владимирова Оксана Рашитовна – «Рудныйсоколовстрой» АҚ «Отделстрой» ҚБ аға прорабы;
Жақсалықов Олжабай Баймендіұлы – «БК-Строй» ЖШС тас қалаушысы;
«Ерен еңбегі үшін» медалімен
Арыққұлов Ерболат Болатұлы – «Строй Элит Дом» ЖШС бригадирі;
Әбдіков Дархан Жәнібекұлы – «Алюминстрой» ЖШС директорының орынбасары;
Бекжанов Тайыр Ренатұлы – «Алия-Сервис» ЖШС филиалының директоры;
Бораш Әбдірахман Әбдіхалықұлы – «Парасат Строй Проект» ЖШС директоры;
Ким Сергей Романович – «БК-Стройпром» ЖШС директоры.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Астана, Ақорда, 2022 жылғы 19 қараша
№ 1076