Белгілі тележүргізуші Диана Қырықбай «жағдайы жақсы жігітті қайдан табуға болады?» дегендерге жауап берді, деп хабарлайды Экспресс К.
TikTok желісінде оқырмандарымен тілдескен тележүргізуші, блогер жігіт табудың сырын бөлісті.
Көп қыз менен жағдайы жақсы, жұмыс істейтін, жаман әдеті жоқ жігітті қайдан тапсам болады деп сұрайды. Қазір спорт залда тамақ жеп отырмын. Жан-жағыма қарасам, жақсы жігіт толып жүр. Сондықтан, қыздар, спортпен айналысыңыздар, осында танысуға болады, — дейді желі жұлдызы.
Алайда пікір білдіргендерге мұндай кеңес жақпай қалған сияқты.
«Тек байқаңдар, ол жерде үйленгендер көп болады», «Өзім таппай жүрмін десейші ондай жігітті», «Қыздардың өз басы бар ғой, сен айтпасаң да біледі», «қыздар, ақыл сұрайтын адамды тауыпсыңдар», «өзі жетісіп жүргендей, неге бұдан сұрай бересіңдер»,— деген пікірлер аз емес.
Диана Қырықбай бұған дейін бір үйдің жалғыз ұлына не үшін тұрмысқа шықпайтынын айтқан еді.