Қалалық қоғамдық-саяси газет

Оралда ер адам туған інісін пышақтап өлтірген

0 531

Оралда өз пәтерінен 47 жастағы ер адамның мүрдесі табылды деп хабарлады turkystan.kz БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПД-нің мәліметінше, оқиға 8 қараша күні Циолковский көшесіндегі үйде болды.

«Сағат 22.05-те 1975 жылғы ер адамның мүрдесі табылды. Ол пышақ жарақатынан жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған. Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Жедел қабылданған шаралар нәтижесінде 1973 жылғы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне (кісі өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – делінген хабарламада.

Күдікті ретінде марқұмның туған ағасы айыпталып отыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.