Қалалық қоғамдық-саяси газет

«5 миллиард теңге қажет»: Атырауда концерт залының құрылысы 11 жылдан бері тоқтап тұр

0 576

Атырауда 1200 орындық концерт залының құрылысы 11 жылдан бері тоқтап тұр. Жергілікті билік ғимаратты қалпына келтіру үшін 5 миллиард теңге қажет екенін айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Аtpress.kz порталына сілтеме жасап.

Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы Мейрамгүл Өтеғұлова бұл ғимараттың құрылысы құжаттарының дұрыс болмауынан тоқтағанын айтады.

«2022 жылдың 29 қыркүйегінде Атырау облыстық құрылыс басқармасы заңды маңызы бар фактілерді анықтау туралы арызбен Атырау қалалық сотына жүгінді. Құрылыс бөлімі өз арызында құрылысқа қабылдау-тапсыру актісінің растығын анықтауды сұрайды. Алайда арыз берушінің қойған сұрағы сот анықтайтын заңдық маңызы бар фактілердің қатарына жатпады. Атырау қалалық сотының 2022 жылғы 5 қазандағы ұйғарымымен арыздан бас тартылды. Қаулыда тараптардың мемлекеттік сатып алу туралы шартқа шағымдануға құқығы бар екені нақтыланған», – деді Мейрамгүл Өтеғұлова.

Концер залының құрылысы бюджеттен 3 млрд теңге бөлініп, 2011 жылы Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев кезінде қаланған. 2012 жылы «Снабоилстрой» ЖШС иесіне қатысты қылмыстық іс қозғалып, құрылыс тоқтатылған.

Бүгінде ғимараттың әнектері сынып, темірлерін тот басқан, айналасы қоқысқа толып, қаңыраған. Құрылысы әкімдіктің құзырына берілген ғимаратты салу үшін әкімдік 5 миллиард теңге қаражат қажет екенін айтады.  Жергілікті билік инвесторларды тартып, жұмысты жалғастырғысы келгенімен құжаттарындағы қателіктеріне байланысты сот бұған рұқсат бермеуде.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.