Қазақстанда 20 жыл ішінде кедейлік деңгейі шамамен 9 есе төмендеді деп хабарлады turkystan.kz.
Халықты әлеуметтік қолдау жөніндегі белсенді шаралардың арқасында табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 46,7%-дан 5,2%-ға дейін азайған.
1 қазанда АӘК 129 мың отбасына немесе 668 мың адамға тағайындалды. Жалпы алғанда, АӘК алушылардың 22%-ы шартсыз ақшалай көмек, 78%-ы шартты ақшалай көмек алды.
Шартты ақшалай көмек алатын еңбекке қабілетті АӘК алушылар қатарынан жұмыспен қамтылғандар және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылғандар саны 70%-ды құрайды.
Әлеуметтік топтама алушылар саны 343 мың баланы құрады. Оның ішінде азық-түлік пакетін 1 жастан 6 жасқа дейінгі 178,4 мың бала алды. «Жаппай оқыту» қоры шеңберінде 7 жастан 18 жасқа дейінгі 164,6 мың балаға көмек берілді.
Жалпы, республика бойынша 2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша
43 млрд теңге төленді.