Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыда Өзбекстан азаматы 105 қойды ұрлап кетті

0 405

Алматы облысында 105 қойды ұрлаған күдікті ұсталды деп хабарлады Turkystan.kz Алматы облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап.

«25 қазанда Жамбыл ауданы полициясының кезекші бөліміне Алматы қаласының 44 жастағы тұрғыны арызданып, 22 қазан күні түнде жайылымнан 105 бас қойы ұрланғанын айтты.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған шаруа қожалықта малшы болып жұмыс істеген Өзбекстан азаматы күдікті ретінде  ұсталды. Күдікті сеніп тапсырылған 80 бас малды жүк көліктерін жалдап, көршілес Жамбыл облысының Шу қаласындағы мал базарында 78 басын 3 276 000 теңгеге саудалағаны белгілі болды. Сонымен қатар ұрланған 25 бас қой табылып, тәркіленді. Ұсталған азамат бұлтартпас дәлелдерден кейін өз кінәсін толық мойындады», – деді Жамбыл аудандық ПБ бастығы Асхат Данияр.

Табылған мал заңды иесіне қайтарылды. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамауға алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.